Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті №60 мекемесінің қызметкерлері «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізді

Жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында ұйымдастырылатын акцияның негізгі мақсаты – әлеуметтік қолдауды қажет ететін, көпбалалы отбасылардан шыққан, сондай-ақ, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына материалдық және өзге де көмек көрсету.

ҚАЖД №60 мекемесінің бастығы Мақсұт Өтегенұлы мекеме қызметкерлерімен бірлесіп, үш бірдей көмекке мұқтаж көпбалалы отбасын алда келе жатқан Конституция күнімен және 1 қыркүйек білім мерекесімен құттықтай отырып, жаңа оқу жылына қажет құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген сөмке табыстады.

Көмекке мұқтаж жанның бірі екі баласын колледжге, ал үшеуін мектепке дайындап жатқан ата-ана үшін бүгінгі игі іс үлкен көмек екенін айтады. Бүгін «Мектепке жол» акциясы аясында көмек көрсетіп жатқан №60 мекеме бастығы Мақсұт Өтегенұлына және ұжымына алғыс білдіремін. Алланың нұры жаусын. Биыл бірінші рет қатысып жатырмын. Өзім де, жолдасым да аз ғана табыс табатындықтан бес баламды оқу жылына толықтай дайындау қиынға түседі. Мұндай іс-шара біз секілді көп балалы отбасыларға үлкен көмек екені сөзсіз. Балаларым дән риза, — деп өз қуанышымен бөлісті.

Игі шараға мекеме қызметкерлері де өз үлесін қосып, аз қамтылған екі отбасыға көмек қолын созды.

Адина Ұзақбай
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...