Қызылорда облысының денсаулық сақтау мекемелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілуде

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментімен (бұдан әрі –Департамент) облыстық денсаулық сақтау басқармасы және оған қарасты мекемелерде мемлекеттік бюджет қаражатын жоспарлау мен игеру, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік және медициналық қызмет көрсету саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жұмыстары жүргізілуде.

Талдау барысында, аталған мекемелердің еңбек ақы төлеу қоры қаражатын игеру мен мемлекеттік сатып алу қызметіндегі сонымен қатар басқа да сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары бағыттар зерделенеді.

Осыған байланысты, облыс тұрғындары тарапынан талдау жұмыстары бойынша ұсыныстар мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат болған жағдайда,  taldau-kzo-2022@mail.ru электрондық поштасына және  WhatsApp +7 707 282 21 51 жолдауға, сонымен қатар Департаменттің кезекші бөлімінің 23-06-90 нөмірі арқылы хабарласуға болатындығы жеткізіледі.

RESPUBLICA ӨҢІРЛІК ШТАБТАРДАҒЫ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРДЫ

26 қарашада Respublica партиясының өңірлік филиалдарында мәслихатдепутаттарының кезектен тыс сайлауы алдындағы үгіт-насихат науқанының аяқталуынаарналған сайлау штабтарының қорытынды отырыстары өтті. Отырыстар барысында өңірлік командалар атқарылған жұмыстардықорытындылап, сайлаушылармен өзара байланыс және алдағы дауыс беру күнінеұйымдастырушылық дайындық мәселелерін талқылады. Үгіт-насихат кезеңінде партия кандидаттары мен белсенділері еңбек ұжымдарымен,...

ТАТУЛАСУ – ДАУДЫ ШЕШУДІҢ ЕҢ ТИІМДІ ӘДІСІ

Қоғам өмірінде адамдар арасында түрлі келіспеушіліктер мен даулы мәселелердің...

Отбасылық бақыт өзімізден басталады

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №21 мекемесінің жеке құрам...