Қызылордалық кәсіпкерлерден төлемдерді негізсіз өндіріп алмақ болған

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен ҚР Экологиялық кодексі талаптарының сақталуы мәселесіне мониторинг жүргізілді. 

Мемлекеттік кірістер мен Экология департаменттері арасында өзара іс-қимылдың болмауына байланысты кәсіпкерлердің құқықтарын бұзуға әкеп соққан қолданыстағы заңнаманың талаптарын тиісінше қолданбайтыны белгілі болды.

Салық заңнамасына сәйкес төлемақы төлеушілер ҚР Экологиялық кодексіне сәйкес айқындалған тек І, ІІ, ІІІ санаттағы операторлар болып табылады, ІV санаттағы субъектілер салықтың осы түрін төлеуден босатылады.

Облыс бойынша осы салықты төлеуден босатылған IV санаттағы 34 кәсіпкерден қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемді негізсіз өндіріп алу тәжірибесі анықталды.

Бұзушылық фактісі туралы хат жолданып, уәкілетті органдармен жұмыс кездесуі өткізілді.

Нәтижесінде Антикордың араласуынан кейін 34 кәсіпкер эмиссия үшін төлемақы өндіріп алудан босатылғаны туралы хабардар етілді және 9 кәсіпкерге бұрын төленген сомалар есепке қойылды.

Казахстанский стартап с технологией для здоровья спортсменов занял второе место в США

Казахстанский deep-tech стартап Mirai Tech занял второе место на WT Innovation...

АБАЙ УНИВЕРИСТЕТІНДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ФОРУМ ЖҰМЫСЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін Алматыда 16–18 қыркүйек аралығында Қытайдың Шанхай педагогикалық университетімен...

Халық сенімін ақтайтын қызметкер болуымыз қажет

Ең бастысы әр қызметкер өзінің қарапайымдылығын алға ұстап, адмагершілігмен,...