Қызылордалық кәсіпкердің өтініші бірнеше ай бойына қараусыз қалған

Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне өңірде автокөлік сату қызметін жүзеге асыратын кәсіпкер әкімдіктің әрекетсіздігіне қатысты шағым білдірді.

Атап айтқанда, кәсіпкер Қазақстандағы автокөліктерді сатумен айналысатын дистрибьютордың шарттарына сәйкес, Қызылордада автосалонды ресми түрде ашу мақсатында билборд (пилон) орнату үшін жергілікті әкімдікке бірнеше рет жүгінуге мәжбүр болған.

Десе де, қала әкімдігі бірнеше айлар бойы кәсіпкердің билбордты орнату жөніндегі өтінішін қарастырмаған, сәйкесінше тиісті аукцион өткізбеген.

Бұл мәселені шешу үшін Департамент басшылығы бизнес субъектісінің өтініші бойынша қала әкімінің орынбасары мен уәкілетті бөлімдерінің басшылығымен кездесу ұйымдастырып, кәсіпкердің мәселесін талқылады.

Нәтижесінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынымдары бойынша кәсіпкер автосалонның билбордын орнатып, ресми түрде жұмыс жасауға мүмкіндік алды.

RESPUBLICA ӨҢІРЛІК ШТАБТАРДАҒЫ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРДЫ

26 қарашада Respublica партиясының өңірлік филиалдарында мәслихатдепутаттарының кезектен тыс сайлауы алдындағы үгіт-насихат науқанының аяқталуынаарналған сайлау штабтарының қорытынды отырыстары өтті. Отырыстар барысында өңірлік командалар атқарылған жұмыстардықорытындылап, сайлаушылармен өзара байланыс және алдағы дауыс беру күнінеұйымдастырушылық дайындық мәселелерін талқылады. Үгіт-насихат кезеңінде партия кандидаттары мен белсенділері еңбек ұжымдарымен,...

ТАТУЛАСУ – ДАУДЫ ШЕШУДІҢ ЕҢ ТИІМДІ ӘДІСІ

Қоғам өмірінде адамдар арасында түрлі келіспеушіліктер мен даулы мәселелердің...

Отбасылық бақыт өзімізден басталады

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №21 мекемесінің жеке құрам...