Қызылордада сотталғандар мұражай қорындағы құнды экспонаттармен танысты

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің 37мекемесінің тәрбие бөлімінің қызметкерлері мекемедегі сотталғандарды облыстық тарихи- өлкетану музейіне алып барды.
Олар музей қорындағы баға жетпес дүниелердің тарихымен танысты. Тамыры тереңде жатқан, небір құнды жәдігерлер сақталған музей 14 көрме залынан тұрады.

Музей қызметкері сотталған азаматтарды жылы шыраймен қарсы алып, археология, этнография, өнер мен әдебиет, өлке тарихы, Тәуелсіз Қазақстан және Облыстық ауыл шаруашылығы мен экономикасының дамуы залдары туралы мол мағлұмат берді. Экспозициялық залдары бойынша музей қорындағы құнды экспонаттармен жақын танысқан сотталған азаматтар музей қызметкеріне ризашылықтарын білдірді.

Абай облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде сотталғандар арасында футболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары...