Астана қаласы бойынша ҚАЖД №3 мекемесінің психологтар музыкалық-терапия іс-шарасын өткізді

Музыкотерапия бұл – адамның психикалық, физикалық және әлеуметтік денсаулығын нығайтуға көмектесетін қосымша терапия түрі. Музыка бізге әр түрлі сыр шертіп, тіпті эмоциямызды да басқара алатын қасиетке ие. Депрессиядағы және ауыр қасіретке тап болған адамдар қайғылы әуендер тыңдайды. Музыка олардың бұл ауыр күйден шығуға көмектесіп, олардың эмоционалдық жағдайын көтереді. Музыка өте мықты психологиялық құрал, ол адамның жүйке жүйесіне әсер етіп, тыныштандырады және босаңсытады.

Табиғаттың дыбысы адамның ағзасына жақсы әсер ететіні ғалымдармен дәлелденген. Ол адамды босаңсытып, стресстік жағдайда бірінші жауап беретін вегетативті жүйке жүйесіне жақсы әсерін тигізеді. Табиғат дыбыстары – жаңбырдың себелегені, құстардың күңкілдеуі, жапырақтар сыбыры адамның жаны мен тәнін емдейді, ағзаның қорғану күшін жандандырады, созылмалы аурулар бәсеңсіп, стресс деңгейі төмендейді. Бұл жазасын өтеушілер үшін өте маңызды – деп түйіндейді ҚР ІІМ ҚАЖК № 3 мекемесі психологиялық қамтамасыз ету тобының психологы Мусина Зауре Калкеновна.

Заң мен тәртіп – әрбір отбасының құндылығы

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №19 мекемесінде «Заң...

Қайырымдылық – жүректен шыққан ізгі іс

Қайырымдылық – адамгершілік пен мейірімділіктің жарқын көрінісі. Осы бағыттағы...