Қостанай академиясында оқығыңыз келсе…

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің кадр саясаты тобының маманы әділет майоры А.Беркінбеков пен №68 мемлекеттік мекемесінің кадр саясаты тобының аға инспекторы әділет капитаны М.Тұрымбетов, Қызылорда қаласындағы «Қорқыт ата» университетінің заң және құқық факультетінің 1-курс оқитын білім алушыларымен кездесті. Шараның басты мақсаты — ІІМ Ш.Қабылбаев  атындағы Қостанай Академиясына оқуға түсу талаптарын айту.

Студенттер назарына жоғары оқу орны ҚР ІІМ Қостанай академиясына оқуға түсу алгоритімін түсіндіріп, арнайы жадынамалар таратылып, студенттерге әзірленген видеоролик көрсетілді.  Академияға қабылдау Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері бойынша берілген мемлекеттік сертификаттың балдарына сәйкес медициналық, физикалық және психофизикалық көрсеткіштер бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Курсанттар академияда оқудың барлық кезеңіне киім-кешекпен, жатақханада тұрумен, тамақтану жəне мемлекеттік шəкіртақымен қамтамасыз етіледі.

Академияның күндізгі оқу түрінің толық курсын бітірген тыңдаушыға «әділет  лейтенанты», «полиция лейтенанты» атағы беріліп, түлектердің әр қайсысына алған мамандығына сай қызмет орны ұсынылады. Сонымен қатар, оқу орны екі бағыт бойынша қызме атқарады. Яғни, ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі және қылмыстық-атқару жүйесі үшін мамандар даярлауға маманданған. Сондай-ақ, қазіргі оқып жатқан оқуларын Қостанай академиясында үш жыл жалғастырып оқитындарын, сонымен қатар,  Қостанай академиясына қабылданып жатқан түлектер базасының кеңеюіне байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатқандығын жеткізді – КАЖД-нің кадр мамандары.

Мөлдір Жолдасбекқызы

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

«Аударма әлемі» — өзекті зерттеу

Филология ғылымдарының докторы, профессор, журналист, аудармашы, Қазақстан журналистер одағы...

Заявление главного исполнительного директора Kazakh Tourism Development Е. Еркинбаева

В социальных сетях распространяется видеозапись с вырубленными деревьями, которая...

Заң – баршаға ортақ: құқықтық мәдениет – қоғам тұрақтылығының негізі

Құқықтық мемлекет құру тек заңдарды қабылдаумен шектелмейді. Оның басты...

Мемлекеттік қызметтегі әдеп – кәсіби мәдениеттің негізі

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін...