«Қашпайды» — Бас прокурордың орынбасары Самат Әбіш туралы

Бүгін Мәжіліс отырысына келген Бас Прокурордың орынбасары Әсет Шындалиевке Самат Әбішке қатысты сұрақ қойылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әсет Қазақбайұлының айтуынша, Самат Әбіштің қылмыстық ісіне байланысты қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

«Қылмыстық процестік кодекстің талабына сәйкес, тергеу деректерін жариялануға болмайды. Сол үшін қазіргі таңда беретін ақпарат осы. Өйткені бұған байланысты Бас прокуратура ақпарат берді. Самат Әбіш сыртқа шықпау туралы қолхатпен елде жүр. Елден кетпеу туралы қолхат жазған адамның үйінің алдында арнайы қарауыл қойылмайды. Тергеуші шақырған кезде үйінен келеді. Өзі қорғаушылар мен және басқа да тұлғалармен кездесе алады. Ал арнайы қарауыл үйқамаққа алынған кезде қойылады. Ал құқықтық статусына қатысты ешқандай ақпаратым жоқ», — дейді Әсет Шындалиев.

Бас прокуратура Самат Әбіштің шетелге қашып кетпейтініне кепілдік бере ме деген журналистер сұрағына, Әсет Шындалиев: «Қашпайды» деп жауап берді.

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш қаңтар көтерілісінен кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірінші орынбасары қызметінен кеткен болатын. Аталған комитетті басқарған Кәрім Мәсімов пен оның бірнеше орынбасары түрмеге қамалған кезде, Самат Сатыбалдыұлына қатысты ешқандай іс қозғалған жоқ.

Еске салайық, 19 қыркүйекте Бас прокуратура Самат Әбішке қатысты соталды тергеу басталғанын хабарлаған болатын. Бас прокуратураның арнайы прокурорлары Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты Қаңтар оқиғасы кезінде билік пен лауазымдық өкілеттерін асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Тергеу құпия құжаттаманың едәуір көлемін зерделеумен байланысты.

Формирование культуры нетерпимости к коррупции

Коррупция является одной из наиболее серьезных проблем современного общества....

Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру

Сыбайлас жемқорлық-қазіргі қоғамның ең маңызды мәселелерінің бірі. Бұл мемлекетке...

Қазақстан ЕАЭО-дағы өнеркәсіп өсімі бойынша көшбасшылар қатарына енді

Қазақстан ЕАЭО елдері арасында өнеркәсіп өсімі бойынша көшбасшылардың қатарына...

Казахстан вошел в число лидеров промышленного роста в ЕАЭС по итогам 2025 года

Казахстан стал одной из стран-лидеров Евразийского экономического союза по...

Потребность внутреннего рынка в минеральных удобрениях составляет порядка 2,3 млн тонн в год

Поводом для депутатского запроса послужило производство минеральных удобрений для...