Қатық ішінен телефон шықты

Қылмыстық атқару саласының Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты № 68 мемлекеттік мекемесінің бақылаушылары тыйым салынған заттың ішкі аймаққа өтіп кетпеуінің алдын алды.

Сәлем — сауқатты қабылдау бөлмесінің қызметкерлері күйеуіне сотталған (262-266 бап) Б-ға келген азаматша К-ның азық-түлік тапсыруын тексеру барысында айран құтысының ішінен 1 дана телефон және екі дана Beeline сим картасы тәркіленді.

Анықталған факт бойынша бөлім қызметкерлері дер кезінде ҚР ӘҚБ- 481- бабының 1- бөлігі бойынша хаттама толтырып, ісін сотқа жолдады.

Біздің қызметкерлер тағы да кәсіби шеберліктерін көрсетті. Бұл біріншірет емес.

Бүгінге дейін мемлекетіміздің игілігі үшін адал қызмет етіп келе жатқан қызметкерлеріміздің жетістіктерін мақтан тұтамын. Қырағылық пен сақтық бақылаушыларымыздың басты қасиеті – дейді, мекеме басшысының міндетін атқарушы, әділет капитаны Темірбек Азамат.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...