Қамшының сабындай қысқа өмір

«Бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» атты Ұлт жоспарындағы басты тапсырмалардың бірі –бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған әрбір сотталған адамға қоғамда өз орнын табуға көмектесу болып табылады.

Бұл қамшының сабындай қысқа өмірде қателеспейтін адам болмайды. Ең бастысы сол істеген ісінен сабақ алып, қайталап қателікке бой алдырмау керек. Сондай-ақ, бізде есепте тұратын азаматтардың ішінде қателігінен сабақ алып өмірге деген құлшысы артқан азматтар жетерлік. Пробация қызметі қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға тартылған сотталғандарға қатысты өз қызметін жүзеге асырады.

ҚАЖД Алматы қаласы бойынша Медеу аудандық пробация қызметі аудандық полиция басқармасымен  қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға тартылған сотталғандарға профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

Қайта қылмыс жасауға бейім сотталғандарға қадағалау күшейтіліп, Медеу  аудандық ПБ  ӘПБ учаскелік полиция қызметкерлерімен есепте тұрған сотталғандар жайында уақытылы ақпараттар алмасып, оларды тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеріп, профилактикалық әңгіме-сұхбат өткізеді. Қазақстанда пробация қызметі заңдылықты жетілдіру бағыты болып табылады. «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға және пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету» жобасын іске асыру аясында Медеу  ауданына оранласқан  «Рахым» атты қоғамдық қорымен тығыз байланыста. Бұл жолғы кездесу   бірнеше спорттық шаралар өткізумен басталды. Кездесу пробация қызметімен бірлесіп ұйымдастырылды. Сондай-ақ, «Рахым» қоғамдық қорының қызметкерлері пробация қызметінің есебінде тұрған адамдармен құқықтық және психологиялық кеңестерді жиі өткізіп тұрады.

Міне, Пробация қызметінің есебіндегілер осылайша қоғам өміріне бейімделіп келеді. Бүгінде олар жасаған қателіктерінен сабақ алып, Пробация қызметінің есебінде тұрған осы және өзге де азаматтардың түзеліп, қоғамдағы қалыпты жандардың біріне айналарына берік сенім білдіреміз.

                                 Медеу аудандық пробация қызметі

Спорт — күш пен салауатты өмір салтының кепілі

Орта қауіпсіздік мекемесінде Спорт күніне орай сотталғандар арасында спорттық...

Концерт ко Дню Абая

В учреждении средней безопасности для осуждённых был проведён концерт,...

Абай күніне арналған концерт

Қауіпсіздігі орташа мекемеде сотталғандар үшін Абай күніне арналған концерттік...

Абай күніне орай сотталған әйелдер арасында рухани-танымдық іс-шара өтті

7 шілде күні Абай күніне орай №79 мекеменің сотталғандар...

Духовное наследие Абая — путь к знаниям, труду и самосовершенствованию

В женской колонии УИС области Абай с участием осужденных...