Қамшының сабындай қысқа өмір

«Бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» атты Ұлт жоспарындағы басты тапсырмалардың бірі-бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған әрбір сотталған адамға қоғамда өз орнын табуға көмектесу болып табылады.

Бұл қамшының сабындай қысқа өмірде қателеспейтін адам болмайды. Ең бастысы сол істеген ісінен сабақ алып, қайталап қателікке бой алдырмау керек. Сондай-ақ, бізде есепте тұратын азаматтардың ішінде қателігінен сабақ алып өмірге деген құлшысы артқан азматтар жетерлік. Пробация қызметі қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға тартылған сотталғандарға қатысты өз қызметін жүзеге асырады.

ҚАЖД Алматы қаласы бойынша Медеу аудандық пробация қызметі аудандық полиция басқармасымен  қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға тартылған сотталғандарға профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

Қайта қылмыс жасауға бейім сотталғандарға қадағалау күшейтіліп, Медеу ауданының прокуратура қызметкерлері мен  аудандық ПБ  ӘПБ учаскелік полиция қызметкерлері есепте тұрған сотталғандар жайында уақытылы ақпараттар алмасып, оларды тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеріп, профилактикалық әңгіме-сұхбат өткізеді. Қазақстанда пробация қызметі заңдылықты жетілдіру бағыты болып табылады. «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға және пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету» жобасын іске асыру аясында Медеу  ауданына оранласқан  «Рахым» атты қоғамдық қорымен тығыз байланыста. Бұл жолғы кездесу есепте тұрғпн әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға арналған күнделікті қажет ететін заттармен толтырылған себеттер таратумен басталды. Кездесу пробация қызметімен бірлесіп ұйымдастырылды. Сондай-ақ, «Рахым» қоғамдық қорының қызметкерлері пробация қызметінің есебінде тұрған адамдармен құқықтық және психологиялық кеңестерді жиі өткізіп тұруды жөң көрді, ағымдағы жылдың ақпан айында мемлекеттік емес ұйымдарды, жұмыспен қамту орталығының және де басқа қызығушылық танытатын ұйымдарды тарта отырып, дөңгелек үстел ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Міне, Пробация қызметінің есебіндегілер осылайша қоғам өміріне бейімделіп келеді. Бүгінде олар жасаған қателіктерінен сабақ алып, Пробация қызметінің есебінде тұрған осы және өзге де азаматтардың түзеліп, қоғамдағы қалыпты жандардың біріне айналарына берік сенім білдіреміз.

                                 Медеу аудандық пробация қызметі

Талас аудандық пробация қызметі мереке алдында алдын алу шараларын өткізді

Талас аудандық пробация қызметі мереке алдында профилактикалық жұмыстар жүргізді....

Олжас Бектенов, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қошанов соғыс жылдарында құрбан болғандарды еске алды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов, Парламент...

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД Сарысу аудандық пробация қызметінде психологиялық кездесу өтті

Кеше Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД Сарысу аудандық пробация қызметінде...

Т.Рысқұлов аудандық пробация қызметі профилактикалық іс-шаралар жүргізді

2026 жылғы 6-10 мамыр аралығындағы мереке күндері Жамбыл облысы...