ҚазҰУ түлектері – ел дамуына елеулі үлес қосуда

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарихы оның түлектерінің еңбек жолымен тығыз байланысты. Әр жылдары осы қара шаңырақтан түлеп ұшқан мыңдаған маман ғылым мен білімде, мемлекеттік басқаруда, құқық саласында, кәсіпкерлікте және халықаралық ұйымдарда еңбек етіп келеді. Олардың кәсіби жетістіктерінен университетте қалыптасқан білім беру дәстүрі мен академиялық ұтқырлықты ықпалын көруге болады.Оқу ордасында студенттер мамандықтың негізін меңгерумен қатар, өз бетінше ізденуге, дерекке сүйеніп пікір айтуға және қабылдаған шешімі үшін жауап беруге үйренеді. Ғылыми жобалар мен кәсіби тәжірибе теориялық білімді нақты міндеттерді шешуде қолдануға мүмкіндік береді. Университет қабырғасында қалыптасқан осы дағдылар түлектерге еңбек жолын бастағанда да, кейін жауапты қызметтер атқарғанда да қажет.

Университет түлектерінің арасында мемлекет және қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, дипломаттар, халықаралық ұйымдардың сарапшылары, кәсіпкерлер мен компания басшылары бар. Мемлекеттік қызметте жүрген мамандар елдің дамуына қатысты шешімдер әзірлеуге қатысса, кәсіпкерлікке бет бұрған түлектер жаңа кәсіпорындар ашып, өз жобаларын іске асырып жүр.Ғылыми жолды таңдаған жас мамандар зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарында еңбек етіп, түрлі ғылыми жобаларға қатысады. Олар зерттеу нәтижелерін халықаралық конференцияларда таныстырып, ғылыми басылымдарда жариялайды. Осы арқылы университетте басталған ізденістерін жалғастырып, ғылыми қауымдастықпен тәжірибе алмасады.

      Заң факультетінің түлектері сот жүйесінде, прокуратурада, адвокатурада, құқық қорғау органдарында және мемлекеттік қызметте еңбек етеді. Олар заңнаманы жетілдіруге, құқықтық реформаларды іске асыруға және азаматтардың құқықтарын қорғауға атсалысып келеді. Ал экономика, журналистика, халықаралық қатынастар, ақпараттық технологиялар мен жаратылыстану бағыттарында білім алған мамандар зерттеу жүргізіп, жаңа жобалар әзірлейді, цифрлық шешімдер енгізеді. Әрқайсысы университетте алған білімін өз саласының нақты міндеттеріне бейімдеп қолданады.

Түлектердің азаматтық белсенділігі олардың қоғамдық бастамаларынан да көрінеді. Олар еріктілер қозғалысына қатысып, қайырымдылық шараларын ұйымдастырады, әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жобаларды жүзеге асырады. Осындай бастамалар арқылы түлектер кәсіби тәжірибесін қоғам игілігіне жұмсайды.Оқу ордасының халықаралық байланыстары студенттердің кәсіби көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік береді. Академиялық ұтқырлық бағдарламалары аясында шетелде білім алған жастар өзге елдердің тәжірибесімен танысып, әртүрлі ортада жұмыс істеуге дағдыланады. Олардың бірқатары бүгінде халықаралық ұйымдар мен трансұлттық компанияларда қызмет етіп, бірнеше елдің мамандары бірлесіп атқаратын жобаларға қатысып жүр.Университеттің академиялық дәстүрі түлектерінің күнделікті еңбегі арқылы жалғасады. Ғалымның зерттеуінде, заңгердің азамат құқығын қорғауында, кәсіпкердің іске қосқан жобасында оқу ордасында алған білімнің нәтижесі көрінеді. ҚазҰУ түлектерінің еңбегі университет абыройын арттырып, елдің ғылыми, экономикалық және қоғамдық дамуына үлес қосып келеді.

Атаханова Г.М

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті  қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика 

кафедрасының профессоры

Әділетті қоғам және заң үстемдігі

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінде студенттер Біріккен...

В учреждении УИС области Абай отметили праздник Хэллоуин

В женском учреждении УИС области Абай было организовано тематическое...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде Хэллоуин мерекесі аталып өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер мекемесінде сотталған әйелдердің қатысуымен...

Оразымбет Оспанұлы: Мемлекеттік көмек шын мұқтажға ғана берілуі керек

Қайырымдылықпен айналысатын таныс кісі бар. Әкімдікпен, қалталы азаматтармен бірлесіп,...

Тренерам детских спортшкол Казахстана предусмотрели доплату 30%: что меняется в системе детского спорта

В Казахстане меняется система финансирования детско-юношеского спорта. Одним из...