12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Қазақстан халқына» қоры Абай облысында қаза тапқандардың отбасыларына материалдық көмек көрсетті

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры қайырымдылық көмек көрсету аясында Абай облысында төтенше жағдай кезінде қаза тапқандардың отбасыларына бір реттік материалдық көмек көрсетті. Қор облыс әкімдігімен қаза тапқандардың туыстары арасында көмек алушылардың тізімін, сондай-ақ төлемдерді жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың тізбесін анықтау бойынша мәселелерді пысықтады. Абай облысы әкімінің хаты негізінде «Қазақстан халқына» қорының Басқармасы «Семей орманы» МОТР» РММ Долон филиалының қаза тапқан қызметкері Сергей Архиповтың отбасына қайырымдылық көмек көрсету туралы шешім қабылдады.

Қор қаза тапқан азаматтардың отбасыларына 7 млн теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек көрсетті, қаза тапқандардың отбасыларына әрбір кәмелетке толмаған балаға (2023 жылғы 11 маусымдағы жағдай бойынша 18 жастан аспаған) 2 млн теңгеден бөлінді.

Сонымен қатар, қор қаза тапқан азаматтардың балаларын білім гранттарымен қамтамасыз етеді. 18 жасқа толмаған балаларға Эндаумент қорында арнайы шот ашылып, онда болашақта ЖОО-да оқу ақысын төлеуді қамтамасыз ету үшін әр балаға 4 млн теңгеге дейін жинақталады. Бұл қаражатты Ұлттық қордың инвестициялық кірісі есебінен қалыптастырылатын арнайы құрылатын қорда марқұмдардың кәмелетке толмаған балаларының шоттарына аудару жоспарлануда. Еске салсақ, Парламент Мәжілісі бірінші оқылымда «Ұлттық қордан балаларға төлем жасау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының  кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қабылдаған болатын.

Мемлекеттік тіл – тұрақтылық кепілі

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі....

Аида Балаева «Негізсіз ақпараттар әдейі таратылып жатыр»

Бүгін Human Rights Watch халықаралық ұйымы «Қазақстанда журналистерге қысым...

Тіл — мемлекетіміздің тұғырлы тірегі

Қазақ тілінің құдіретін қанша сөзбен айтсақ та, оны жеткізу...

Меншік құқығы Конституциямен қорғалған

Қазақстан азаматтарының меншік құқығы, оның ішінде мұрагерлік құқық Конституциямен...