17.12.2025 Мемлекеттік тіл – тұрақтылық кепілі 34 FacebookVKWhatsAppTelegram Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі. Сондықтан, бұл жалпы халықтық мәселе болып саналады. Қазақ тілінің қолданыс аясы қазақстандықтар бір-бірімен қазақша сөйлескенде ғана кеңейеді. Халқымызда «Бірлігі бекем елдің тірлігі көркем» деген қанатты сөз бар, осы даналыққа жүгінсек, мемлекеттік тілге жаппай көшу бірлігімізді одан әрі нығайтумен қатар, тірлігімізді де берекелі етері анық. Республикамыздың Тіл туралы заңына сәйкес, Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі және ол мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылады, мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісі және іс қағаздары осы тілде жүргізіледі. Алайда, соттарға талап арыздардың басым көпшілігі орыс тілінде түседі. Бұған сотқа жүгінушілер мүддесін қорғайтын адвокаттар мен заңдық көмек көрсететін өкілдердің қазақтілін жетік білмеуі, сондай-ақ, іске қатысы бар құжаттардың орыс тілінде болуы әсерін тигізетінін тәжірибе көрсетіп отыр. Сотқа талап арыз қай тілде берілсе, іс сол тілде қаралып, шешіледі, яғни, қалмыстық, азаматтық, әкімшілік заңнамаларда сот ісінің қазақ тілінде жүргізілетіні, қажеттілік болған кезде ғана басқа тілдер қолданылатыны нақтыланған. Заңның осы талабын азаматтар дұрыс түсініп, мемлекеттік тілге басымдық берсе деген тілегіміз бар. Ел азаматтары өз ана тілінде сөйлеуге, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдауға құқылы. Конституциямен бекітілген қазақ тілінің, яғни, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру баршаға ортақ іс. Өйткені, мемлекеттк тіл — мемлекеттің тұрақтылығы мен тыныштығын қамтамасыз ететін басты факторлардың бірі. Осы қағидатты жас ұрпақ санасына сіңірудің маңызы зор. Бұл ретте Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі жолдауында «Қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала береді. Болашағын Отанымызбен байланыстыратын әрбір азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюға тиіс» деді. «Қазақстан – 2050» стратегиялық жоспарында қазақ тілінің халықаралық мəртебесін арттыру бағытында нақты міндеттер қойылған. Мемлекеттік тілдің тұғырын нығайту мақсатында соттарда сот қызметіне жүгінушілердің сұрақтарын мемлекеттік тілде қойып, оларға тыңғылықты жауап алуына барлық жағдай жасалған. Іс қағаздары мемлекеттік тілде жүргізіледі. Сот қызметкерлері тарапынан БАҚ-тарда мемлекеттік тілдің маңызын, сонымен қатар, халықтың құқықтық сауатын арттыруға бағытталған материалдар жариялануда. ҚР Жоғары Соты судьялар мен сот қызметкерлеріне арнап соттағы іс қағаздар мен сот актілерін мемлекеттік тілде жүргізудің үлгілері көрсетілген оқулықтар шығарды. Соңғы жылдары қазақ тілі мемлекеттік биліктің бір тармағы сотттарда лайықты биігіне көтеріліп келеді деуге толық негіз бар. Республика соттарында сот төрағаларының өкімдеріне сәйкес, мемлекеттік тілді дамытумен айналысатын жауапты тұлғалардың бекітілуі тек сот ісін жүргізуде ғана емес қазақ тілінің елдік мәртебесін көтеруде де маңызды. Нұрлан Нұралинов, Алмалы ауданының №2 аудандық сотының судьясы Алматы қаласы Жаңалықтар | Новости Кассациялық сот – әділ сот төрелігінің жаңа кезеңі 05.06.2026 0 Құқықтық мемлекет құру жолында сот жүйесінің әділдігі мен ашықтығы... Жаңалықтар | Новости Халықаралық құжат айналымындағы апостиль рөлі 05.06.2026 0 Көпшілік үшін «апостиль» сөзі тек құжат рәсімдеумен байланысты қарапайым... Жаңалықтар | Новости Аумақтан тыс соттылық – маңызды құқықтық қадам 05.06.2026 0 Қазіргі қоғамда сот жүйесіне деген сенім – құқықтық мемлекетттің... Жаңалықтар | Новости С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей 05.06.2026 0 Сегодня в Казахстане функционирует более 70 театров, из которых... Жаңалықтар | Новости Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды 05.06.2026 0 Бүгінде Қазақстанда 70-тен астам театр жұмыс істейді, оның 59-ы...