Қазақстан Республикасының Судьялар Одағының «Судьялар Одағының съезі» 1996 жылдан бері төрт жыл сайын бір ортаға жиналуды дәстүрге айналған, бұл шарада нағыз толғағы жеткен түйткілдердің тарқатылып, маңызды тапсырмалардың жүктелгенін уақыт көрсетіп отыр. Айталық, ең алғаш өткізілген басқосу Республика судьялар одағының іргесін қадап, шаңырағын көтеруімен есте қалды. Тарихтан ойып тұрып орнын алды.
Тұңғыш сьезде шаңырағын тіктеген судьялар одағы қазір әр облыстық соттың жанынан жұмысын жүргізіп, сот жұмысының жандануына пәрмен беріп келеді.
Биыл Қазақстан Республикасы Судьялар одағының құрылғанына 30 жыл болды.
Халықаралық Судьялар Қауымдастығы 1953 жылы Зальцбургте (Австрия) жекелеген судьяларды емес, ұлттық судьялар қауымдастығын біріктіретін, кәсіби, саяси емес, халықаралық ұйым ретінде негізі қаланды. ХСҚ-ның негізгі мақсаты сот билігінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету, сот жүйесінің қызметіне жағдай жасау, сондай-ақ әрбір адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау болып табылады. ХСҚ-ның құрамына 70-тен аса ұлттық судьялар қауымдастығы кіреді.
Қазақстан Судьялар одағы 2011 жылы осы беделді халықаралық ұйымға толыққанды мүше болды.
2014 жылдың қазан айында Қызылорда облыстық сотында Қазақстандағы Америка заңгерлер қауымдастығының Өкілділігі мен Қазақстан Республикасының Судьялар Одағының ұйымдастыруымен «Азаматтық істер бойынша сот шешімін дайындау әдістемесі» тақырыбында екі күндік ғылыми-практикалық семинар өтті.
Соттардың қызметі туралы азаматтардың ақпарат алу деңгейін көтеру, олардың тартысты оқиғаларды құқықтық әдіспен шешуге сенімін арттыру, судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аудару, судья лауазымына білікті кадрларды дайындау мақсатында Қазақстан Республикасының Судьялар одағы, Қазақстан Республикасының Журналистер одағы, «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры Сот қызметін үздік көрсеткен журналистік жұмыстарға конкурс жариялаялап жылдын жылға конкурс өз жалғасын табуда.
Қазақстан Республикасы Судьялар одағының «Үш би» құрмет белгісі айрықша еңбегі, ұзақ мерзімді жұмысы, мінсіз беделі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін берілетін айрықша марапаттау белгісі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Судьялар одағының ұйымдастыруымен жыл сайын республика соттарында шағын футбол, волейбол, үлкен теннис, бильярд, үстел теннисі, дойбы және шахмат секілді спорт түрлері бойынша судьялар мен қызметкерлер арасында спартакиадалар өтуде.
Спартакиада судьялар, қызметкерлер арасында дене шынықтыру, спорт және саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізіліп отырады.
Республика судьяларының сьезі бүгінде үлкен маңызға, үлкен беделге ие. Өйткені, қазылардың құрылтайына айналған бұл жиын қордаланған мәселелерді тарқата білуімен, келешекке меже белгілеп, кемшіліктерді бүкпесіз көрсетуімен, сондай-ақ судьялар жұмысына серпін беруімен құнды. Осындай маңызды мәнге ие болғандықтан, араға төрт жыл салып өткізілетін басқосуға әр судья тыңғылықты дайындалады, асыға күтеді.
Азаматтардың сотқа деген сенімін нығайтып, халық пен сот арасындағы алтын көпірді жандандырғымыз келсе жұмыс барысында кездескен кемшіліктерді көрсетуден жасқанбай, олқылықтардың орнын толтыруға өз бетімізбен кіріскеніміз, ойымыздағыны көпшілік талқысына салудан тартынбағанымыз жөн.
Судьялар сьезі – бұл біз ойымызды ашық айтатын алаң. Өз үнімізді еркін жеткізуге берілген үлкен мүмкіндік.
Судьялардың кісілік келбетін, моральдық бейнесін, тазалығын назарға алу керектігі де осы алғашқы жиынға өзек болғаны белгілі. Өйткені, мемлекет атынан үкім айтып, шешім шығаратын судьяларға білімді болу, білігінің жоғары болуы аз.
Шындығында Мемлекет атынан сөйлегенімен судья да халықтан үлкен емес. Сондықтан, қанша жерден құзыры болып, қаншалықты жоғары лауазымда отырғанымен судьялардың «Ұлық болсаң, кішік бол» қағидасынан аттамағаны абзал. Алдына келген жұртқа тең сөйлеп, әдептілік пен кішіпейілділіктің үлгісін көрсету әр судьяның міндеті. Тіпті, таласқа толы істі таразылап отырғанда да сабырлылық танытып, екі тарапты тең тыңдау, екі жаққа бірдей көңіл бөлу істің әділ шешілуіне ғана әсер етіп қоймай, сонымен бірге сотқа қатысты жағымды пікірдің қалыптасуына ықпал ететінн естен шығармағанымыз жөн.
Судьяның жұмыстағы келбеті қандай болса қоғамдық ортадағы өзін өзі ұстауы да сол лауазымға сай болғаны дұрыс. Өйткені, отбасының шырқы бұзылған, айналасына жағымсыз қылығымен танылған, жеке басының кемшілігін реттей алмаған судьяның аузының да дуасы жоқ, шығарған шешіміне де жұрт бас иіп, заңдылық деп қабылдай қоймайтыны белгілі жайт.
Бұдан кейінгі сьездер де соттар қызметін жандандырып, мәртебесін көтеруге, соттар қауымдастығының материалдық-техникалық әлеуетін арттырып, жалақының өсуіне мүмкіндік берді. Осы басқосулардың арқасында көптеген құқықтық құжаттар, заңдар өмірге келді. Соның негізінде алқабилер сот жұмысына араласып, медиаторлар алғаш тәжірибеге енгізілді. Сот жүктемесінің азаюына біршама қадамдар жасалды. Бұған қоса, судьялардың, отставкадағы судьялардың, сот қызметкерлерінің жұмыстары бағаланып, оларды ынталандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сот жүйесінің жандануына съездердің ықпалы зор. Әр съезд сот жүйесін дамыту мен халқымыздың сот әділдігіне деген сенімін жаңа деңгейге көтереді.
Судьялар одағы алдағы уақыттада ауқымды шаралар атқаратынына сенім мол.
А.Қ.Алтынбаев, Қызылорда облысы Жалағаш аудандық сотының сот әкімшісің басшысы «Қызылорда облыстық судьялар Одағының мүшесі»


