МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ БАҚЫЛАУ ШАРАЛАРЫ

Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету МҚІА Қарағанды облысы бойынша департаментінің өзекті бағыттарының бірі болып табылады.

Жұмыс уақыты режимінің сақталуын бақылау нәтижесінде 2026 жылдың 5 айында 8 мемлекеттік қызметшінің үстеме жұмысқа тартылғаны анықталды. Тиісті шаралар қабылданып, оларға қосымша тынығу сағаттары берілді.

Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық және өзге де жеке қажеттіліктерін қызметтік міндеттерімен үйлестіру мақсатында икемді жұмыс уақыты режимін қолдану мүмкіндігі қарастырылған.

Бүгінгі таңда өңірде 29 мемлекеттік қызметші осы режимді пайдаланып отыр. Бұдан бөлек, 2026 жылы тәртіптік жазаларды қолдану тәртібінің бұзылуына қатысты бақылаудың қорытындысы бойынша 1 мемлекеттік қызметшінің құқығы қалпына келтірілді.

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...

За год Казахстан обошел Португалию и Финляндию по объему экономики

Международный валютный фонд в октябрьском обзоре мировой экономики оценил...