Қазақстанға «Азия дауысы» оралды

Алматыдағы «Медеу» мұз айдынында 28-30 шілдеде өтетін  «Азия дауысы – 2023» халықаралық байқауы қарсаңында «Азия дауысы» пикнигі ұйымдастырылды. Онда қала тұрғындары мен қонақтары табиғат аясында серуен құрып, дәмді тағамдар, демеушілер тарапынан ұйымдастрылған шеберлік сабақтары, түрлі ойындар мен іс-шараларға қатысып,  «Жас қанат-2023» жас орындаушылар байқауының қатысушылары мен жүлдегерлерінің өнерін тамашалады. Қойылым арасында үлкен экраннан «Азия дауысы» фестивалінен бейнероликтер көрсетілді. Қызықты кешті көпшіліктің сүйіктісіне айналған Молданазар, Садраддин және PLEBS тобы қорытындылады.

– «Азия дауысы» фестивалі мен байқауы 20 жылға жуық уақыт өткізілмеді. Соңғы фестиваль 2004 жылы өтті. Арада ұзақ үзіліс болғандықтан, көп нәрсе ұмытылып кетті. Сондықтан бәрін қайта қалпына келтіруге тура келеді. Біз  үшін пикник – өте маңызды оқиғалардың бірі. Жыл басында «Азия дауысы» фестиваліне дайындық барысында «Азия дауысы» халықаралық фестивалі қоғамдық қорының негізін қалаушы және президенті Ирина Ковыряко іс-шараның толық нұсқасын ойластырды. Соның бірі Алматыға кері қайтаруымыз керек болған «Жас қанат» байқауы. Сонымен қатар Азия дауысының символына айналған күн басқан ерлердің бейнесі табылған Таңбалыдағы петроглифтерге саяхат еді. Бұлардың барлығы бір тізбектің буыны. Біздің міндетіміз –«Азия дауысын» заман талабына сай етіп дайындап шығу,  – дейді фестивальдің бас продюсері Арманжан Байтасов. Оның айтуынша, фестиваль бұл жолы өзгерістерге толы болмақ. Мәселен, биыл «Азия дауысы» байқауы болмайды. Тек старт-концерт жасалып жатыр. Алғашқы күні қазақстандық өнерпаздар сахнаға шығады, екінші  күні Black Eyed Peas тобының концерті, ал үшінші күні  аты аңызға айналған әншілер мен топтарға арналады. Олардың арасында «Ялла», Юлдуз Усманова, Secret Service және тағы басқалар бар.  

           Е.КЕБЕКБАЙ «Заң газеті»

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...

ЕҰУ жас ғалымдарға баспаналы болу мүмкіндігін сыйлады

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ЕҰУ) мен «Отбасы...

Қазақстанда жүлде қоры 30 млн теңгені құрайтын патриоттық әндер байқауы жарияланды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында республикалық патриоттық әндер...