Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2023 жылдың 31 тамызы мен 2 қыркүйегі аралығында Қазақстанның басым бөлігінде нөсер жаңбыр жауады.

«Алдағы үш күнде республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін», — деп хабарлайды «Қазгидромет».

Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, ауа температурасыныңтөмендеуі күтіледі.

Республиканың солтүстігінде ауа температурасы түнде 5-10, күндіз 10-18 градус болады.

Тек Қазақстанның батысында жоғары атмосфералық қысым өрісі әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, сондай-ақ ауа температурасы күндіз 25-30 градусқа дейін біртіндеп көтеріледі.

RESPUBLICA ӨҢІРЛІК ШТАБТАРДАҒЫ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРДЫ

26 қарашада Respublica партиясының өңірлік филиалдарында мәслихатдепутаттарының кезектен тыс сайлауы алдындағы үгіт-насихат науқанының аяқталуынаарналған сайлау штабтарының қорытынды отырыстары өтті. Отырыстар барысында өңірлік командалар атқарылған жұмыстардықорытындылап, сайлаушылармен өзара байланыс және алдағы дауыс беру күнінеұйымдастырушылық дайындық мәселелерін талқылады. Үгіт-насихат кезеңінде партия кандидаттары мен белсенділері еңбек ұжымдарымен,...

ТАТУЛАСУ – ДАУДЫ ШЕШУДІҢ ЕҢ ТИІМДІ ӘДІСІ

Қоғам өмірінде адамдар арасында түрлі келіспеушіліктер мен даулы мәселелердің...

Отбасылық бақыт өзімізден басталады

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №21 мекемесінің жеке құрам...