Қазақстандықтар көлік нөмірлерін онлайн бере алады

2024 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтар мемлекеттік тіркеу нөмірлерін жаңа иесіне онлайн режимінде бере алады. Бұл туралы цифрлық даму министрі Бағдат Мусин айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бүгінгі таңдағы ең үлкен жетістіктің бірі — 2024 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтар көлік нөмірін, дәлірек айтсақ, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін жаңа иесіне онлайн режимінде бере алуы. Бұрын көлік сатып алғанда – тіпті онлайн транзакция жасағанда – жаңа иесі жаңа нөмір алу үшін арнайы ХҚО-ға келуі керек еді. Енді бұл қажеттілік жойылды. Сонымен қатар, сұранысы жоғары көлік нөмірлерін жақын туыстарына беру мүмкіндігін жасауды қолға алдық», — деді министр.

Тағы бір маңызды жаңалық бар. Меншік иесі тұрғылықты жерін ауыстырған кезде сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің қайта тіркелуін алып тастағымыз келеді, дейді министр.

Сонымен қатар, автокөлікті бастапқы тіркеу кезінде тапсыруға тиісті құжаттарының саны азайды, кейбір жағдайларда арнайы ХҚО-ға бару қажеттілігі жойылады.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...