Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап тәрбиешілер жалақысы көтеріледі

1 қыркүйектен бастап Қазақстанда 97 мың тәрбиеші 30 пайызға жоғары жалақы алады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы, жыл басынан бері тәрбиешілер жалақысы 2,5 есеге өседі. Осылайша, мамандыққа мүмкіндігінше жаңа мамандарды тарту жоспарланған. Бүгінде «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бағыты мен мамандығы бойынша оқыту Қазақстанның 39 жоғары оқу орны мен 119 колледжінде жүргізіліп жатыр.

Колледждер мектепке дейінгі ұйымдармен бірлесіп, аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, «Мұғалім» кәсіптік стандарты негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлейді, оқу бағдарламасы мен жоспарларын өз бетінше жаңартады. Биыл барлығы 20 мыңнан аса мектепке дейінгі тәрбиешілер біліктілігін арттыру курстарынан өтеді.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...