Қазақстанда несие беру ережесін өзгерту ұсынылды

Қазақстанда ресми кірісі растамалмаған жағдайда клиентке несие беруге тыйым салу жоспарланып отыр. Тиісті заң жобасы депутаттардың бастамасымен әзірленді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтың айтуынша, заң жобасы қазақстандықтардың қарыздық жүктемесін азайтуға бағытталған түзетулерді қарастырады.

«Сонымен қатар, қарыз алушының төлем қабілеттілігін бағалаудың қолданыстағы тәртібі, біздің ойымызша, қайта қарауды қажет етеді, өйткені қазір қарыз алушының кірісі тек ресми расталған кіріспен ғана шектелмейді», — делінген Сүлейменовтің депутаттық сауалға берген жауабында.

Табыс тізімінің коэффициентін есептеу кезінде ерекшеліктерді қарастыру қажет, деп есептейді Ұлттық банк басшысы.

«Кез келген несиені (кепілсіз, кепілмен, ипотекалық несиелер, автонесиелер және т.б.) алу кезінде барлық жеке қарыз алушылар үшін борыштық жүктеме коэффициентін ресми расталған кіріс негізінде есептеу ұсынылады», — деді ол.

Сүлейменовтің айтуынша, ресми кірісті пайдалану қарыз алушыларға қарыздық жүктемені азайтуға мүмкіндік береді, сонымен қатар жұмысшылардың жалақысын ресми түрде көбірек алуға ұмтылуына әлеуетті ықпал етеді.

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ АЙҒАҒЫ

Тіл – ұлттың рухани тірегі, тарихи жады мен мәдени...

Атқарушылық жазба: борышкер мен өндіріп алушының құқықтары

Қазіргі таңда елімізде азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғаудың...

ЦИФРОВЫЕ ТРЕНДЫ В ДЕЙСТВИИ

Студенты Университета Нархоз посетили Farabi Supercomputer Center Экскурсия в суперкомпьютерный...

ІС ЖҮЗІНДЕГІ ЦИФРЛЫҚ ТРЕНДТЕР

Нархоз университетінің студенттері Farabi Supercomputer Center орталығына барды Әл-Фараби атындағы...

Абай облысының ҚАЖ мекемесінде кәсіпкерлікті дамыту мәселелері талқыланды

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіздік мекемесінде 5511 әскери...