Қазақстанда зейнетақы жинағын алудың жаңа легі басталды

Қазақстанда жинақталған зейнетақы қаражатын алу белсенділігі қайтадан өсе бастады. Шілдеде өтініштер саны төрт есеге өсті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Krisha.kz сайтына сілтеме жасап.

Егер қаңтар-маусым аралығында БЖЗҚ-дан ай сайын орта есеппен 7 миллиард теңге алынса, шілдеде бұл сома 28,5 миллиард теңгеге дейін өскен. Қаражаттың басым бөлігін қарт адамдар алған.

krisha.kz

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) өтініштердің өсуі Әлеуметтік кодекстің (1 шілдеде күшіне енген) енгізілуімен байланысты деп есептейді. Онда зейнетақы қорларын тұрғын үй жағдайын жақсартуға, өзінің, жұбайының немесе жақын туыстарының емделуіне төлеу үшін пайдалана алатын еңбек өтілі бар зейнеткерлердің жинақ ақшасының толық сомасын алу мүмкіндігі қарастылған.

Қазақстанда еңбек өтілі бойынша зейнетақы алатын және тұрғын үй жағдайын жақсарту мен емделу үшін жинақ ақшасын алуға құқығы бар барлығы 62 398 салымшы бар екені хабарланды. Олардың жинақтарының жалпы сомасы 91,04 миллиард теңге болады.

«Шілдеде 18,4 миллиард теңгеден аса сомаға 10 141 адамның (кейбіреулер бірнеше өтініш берген) 10 788 өтініші орындалды. Тұрғын үй жағдайын жақсартуға 1 қаңтар мен 31 шілде аралығында 80,5 миллиард теңгеге 43 619 өтініш орындалды. 2022 жылдың сәйкес кезеңімен баспана мен зейнетақы жинағын алу статистикасын салыстыратын болсақ, 661,4 миллиард теңге болатын 592 898 өтініш орындалған, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 88 пайызға дерлік артық», — деп толықтырды БЖЗҚ.

Кинопоиск қазақстандықтардың ең танымал онлайн-кинотеатрына айналды

Онлайн-кинотеатрға жазылған қазақстандық қала тұрғындарының әрбір екіншісі Кинопоиск қызметін...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты адам құқықтарын қорғау,...

Әке болуды даулау: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу

Әке болуды даулау – отбасы құқығындағы маңызды әрі күрделі...

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...

СПЕЦИАЛИСТЫ ДЛЯ БОЛЬШОЙ ЭНЕРГЕТИКИ

ЗА ОДНИМ СТОЛОМ СОБРАЛИСЬ ПРЕДСТАВИТЕЛИ АГЕНТСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО АТОМНОЙ ЭНЕРГИИ, ГОСУДАРСТВЕННОЙ КОРПОРАЦИИ «РОСАТОМ», ПРОФИЛЬНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ, УНИВЕРСИТЕТОВ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙ ДВУХ СТРАН. ГЛАВНОЙ ТЕМОЙ СТАЛА НЕ САМА АТОМНАЯ ЭНЕРГЕТИКА, А ЛЮДИ, КОТОРЫМ...