Қазақстанда жыл басынан бері 42 адамды пойыз қағып кеткен

Қазақстанда жыл басынан бері 42 адам пойыз астына түскен, олардың тең жартысы өліммен аяқталған. 3 бала зардап шеккен, олардың барлығы өліммен аяқталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жыл басынан бері еліміздің көлік полицейлері темір жолдарды белгіленбеген жерлерден кесіп өткені үшін 15 355 адамды анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Сонымен бірге пойыздардың шұғыл тежелуінің фактілері де болып жатады. 930 факті тіркелді, оның ішінде адамдардың болуы себебінен 224, теміржол төсемінде үй жануарларының болуына байланысты 572 факті.

«Мысалы, алдыңғы демалыс күндері төрт адам пойыз астына түсіп кете жаздады. Аталған фактілер Ақмола, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелді. Абырой болғанда, барлық жағдайда пойыз машинистері жылжымалы құрамды тоқтатып, қайғылы жағдайдын алдын алды. Жоғарыда көрсетілген фактілер бойынша құқық бұзғандарға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 559-бабының 5-бөлігі («Белгiленбеген жерлерде темiржол арқылы өту») бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», — Көліктегі полиция департаменті таратқан хабарламада.

Елімізде жаңа арзан ипотека бағдарламасы іске қосылады 

Үкімет елдегі көмір электр станцияларын дамытуға арналған 7,5 трлн теңгелік бағдарламаны бекітті.

25 наурызға арналған валюта бағамы 

Елдің ірі қалалары – Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттерінде доллар, еуро мен рубль қандай бағаммен сатып алынып, сатылып жатыр.

Қазақстан мұнай тасымалында негізгі бағытты белгіледі 

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Қазақстанның мұнай саласындағы ахуал туралы мәлімет берді.

Тоқаев Грекия президентіне жеделхат жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грекия президенті Константинос Тасуласқа құттықтау жеделхатын жолдап, Грек Республикасының ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Алматыдағы кісі өлімімен аяқталған ірі жол апаты: Қазақстандықтар ашық сотты талап етуде

Жол апатынан 3 адам қаза тапты. Алматыда әл-Фараби даңғылында болған...