Қазақстанда автогаз 4-6 теңге қымбаттайды

Қазақстанда автогаз 4-6 теңге қымбаттайды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kolesa.kz сайтына сілтеме жасап.

Сайт мәліметінше, оған газдың көтерме бағасы мен тасымал құны өскені себеп болды.

9 маусымда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанармай бекетіндегі газ бағасын 4 теңге көтеру туралы бұйрық жобасын жариялады. Кейін ол құжатты талқылаудан алып тастап, 26 маусымда агенттік газ бағасын белгілейтін жаңа жоба ұсынды, ол бойынша көгілдір отын құнын дифференциалды түрде литріне 4–6 теңге көтеру жоспарланған:

  • Астана қаласы, Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Абай, Жетісу, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстарында — 70–76 теңге;
  • Алматы қаласы, Алматы облысы, Солтүстік Қазақстан облысында — 75–81 теңге;
  • Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облысында — 50–54 теңгеге дейін;
  • Шымкент, БҚО, Қызылорда, Түркістан облысында — 60–64 теңге;
  • Жамбыл облысында — 65–71 теңге;
  • Павлодар облысы — 70–74 теңге.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бұйрық жобасында 2023 жылғы 1 шілдеден бастап елімізде сұйытылған мұнай газының көтерме бағасы 20 пайыз (33 600 теңгеден 40 320 теңгеге) өсетінін атап өткен. Соған сай бөлшек сауда бағасын 4 теңге көтеру қажет.

27 сәуірден бастап теміржол тарифі 28 пайыз қымбаттады. Сол үшін агенттік зауыттан шалғай өңірлерде жоғарыдағы 4 теңгеге тағы 2 теңге қосып, бекеттердегі газ бағасын бірден 6 теңге көтеруді ұсынып отыр.

Құжат жобасында бөлшек сауда бағасы нақты қашан өсетіні жазылмапты, бірақ алғаш жарияланған күнінен бастап күшіне енеді екен. Көтерме баға 1 шілдеден бастап өзгеретінін ескерсек, бекеттердегі бөлшек баға да сол күні өсетін шығар.

Биыл сәуірде Энергетика министрлігі газ құны бензин бағасының 70 пайызына жетуі керек екенін айтқан. Осыдан кейін Алматы қаласы, ШҚО, СҚО, Алматы және Абай облыстарында баға өзгерді. Енді бекеттерде көгілдір отын тағы қымбаттайды.

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...

ЕҰУ жас ғалымдарға баспаналы болу мүмкіндігін сыйлады

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ЕҰУ) мен «Отбасы...

Қазақстанда жүлде қоры 30 млн теңгені құрайтын патриоттық әндер байқауы жарияланды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында республикалық патриоттық әндер...