Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы күрт көтерілді

Ақша айырбастау орындарында доллардың ұлттық валютаға шаққандағы бағамы көтерілді. Бұған Kurs.kz деректері дәлел, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде 11:25-тегі жағдай бойынша, долларды сатудың орташа бағамы – 482,33 теңге, сатып алу бағамы – 479,84 теңге.

Астанадағы ақша айырбастау пункттерінде сату бағамы – 482,96 теңге, сатып алу – 476,36 теңге болды.

Айта кетейік, 27 қыркүйекте таңертең Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 476,82 теңге, сатылым 479,50 теңгеге тең болған еді. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 475,73 теңгеден сатып алынып, 479,81 теңгеден сатылды.

Валюталардың 27 қыркүйектегі ресми бағамдары:

  • USD — 476,89 теңге;
  • RUB — 4,95 теңге;
  • EUR — 505,27 теңге;
  • CNY — 65,24.

Казахстанский стартап с технологией для здоровья спортсменов занял второе место в США

Казахстанский deep-tech стартап Mirai Tech занял второе место на WT Innovation...

АБАЙ УНИВЕРИСТЕТІНДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ФОРУМ ЖҰМЫСЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін Алматыда 16–18 қыркүйек аралығында Қытайдың Шанхай педагогикалық университетімен...

Халық сенімін ақтайтын қызметкер болуымыз қажет

Ең бастысы әр қызметкер өзінің қарапайымдылығын алға ұстап, адмагершілігмен,...