ҚАЖ қызметкерлерінің жекеленген автокөліктері тексерілді

2023 жылдың 16 ақпанында Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің № 60 мекемесі қызметкерлерінің жеке автокөлік жағдайы тексерілді.

Қызылорда қалалық жол — патрульдік полиция қызметкерлері және мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі А.Өскенбаев, кадр саясаты бөлімінің бастығы әділет майоры Г.Алтынбек №60 мекеме қызметкерлері арасында автокөлік иелеріне нұсқаулықтар жүргізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты, көліктің техникалық қауіпсіздігі мен оның қыс мезгіліне жарамдылық жағдайын анықтауға және жол-көлік оқиғаларына жол бермеуге бағытталған.

«Қызметкерлер арасында іс-шаралардың жүргізіліп тұрғаны өте дұрыс. Осындай тексерісктен кейін қызметкерлер міндеттелген тапсырмаларды орындап үлкен жауапкершілікті сезінеміз», — дейді кадр саясаты бөлімінің бастығы әділет майоры Гүлмира Алтынбек .

Алдын алу іс-шарасы барысында жекеленген автокөліктердің техникалық жағдайлары, жарық көздерінің жұмыс жасауы, талапқа сай тиісті заттар мен қысқы дөңгелектерінің ауысқандығы сондай-ақ, медициналық дәрі қобдишаларының жарамдылығы тексерілді. Сонымен қатар жеке автокөлік иелерінің құжаттары талапқа сай екендігі анықталды.

Тексеріс соңында жеке автокөлік иелеріне жол жүру ережелері мен қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша талаптар қойылып, нұсқаулықтар берілді.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Эффективный механизм защиты прав граждан 

В ТЕКУЩЕМ ГОДУ АДМИНИСТРАТИВНОЙ ЮСТИЦИИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ИСПОЛНИЛОСЬ РОВНО...

Институт парламентаризма: динамика перемен

ОТ ЗАВЕРШЕНИЯ ПАРТИЙНЫХ СЪЕЗДОВ ДО СТАРТА АГИТАЦИИ – ОДИН...

В ЦИКе подвели итоги выдвижения кандидатов в депутаты Курултая

Секретарь ЦИК рассказал о требованиях предьявляемых к кандидатам, включенным...

ОСК Құрылтай депутаттығына кандидаттарды ұсыну қорытындыларын шығарды

Орталық сайлау комиссиясының хатшысы партиялық тізімге енген кандидаттарға қойылатын...

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП АЯСЫНДА СОТ ТӨРЕЛІГІНІҢ МӘНІ

«Сократқа кім у ішкізген, Жанна д'Аркты кім өртеген, Ғайсаны кім...