ҚАЖ саласының инспектор-полиграфологы тренинг өткізді

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД кадр саясаты бөлімшесінің инспектор -полиграфологы, №71 мекеменің жеке құрамымен «Төтенше жағдайлар кезіндегі ұжымдағы қарым-қатынас және көмек» тақырыбында тренинг жүргізді.

Тренинг төтенше жағдайдағы қызметкерлердің іс-әрекеттеріне, өздерін басқаруларына арналған жаттығулармен ерекшеленді.

Тренинг барысында қызметкерлердің шынайы эмоцияға толы, ұжымдық ауызбіршілік көңіл қуантарлық екендігі айқын байқалды. Мекеме қызметкерлері осындай іс-шаралардың жиі өткізілуіне ықылас білдірді.

Психологиялық тренинг ұжымдық әл- ауқаттың жақсы болуының кепілі.

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...