ҚАЖ саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты жұмыс кездесуі өтті

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты №13 мекеменің қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық тақырыбында жұмыс кездесуі ұйымдастырылды.

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі тобының жетекшісі Саят Балғымбаев пен көмекшісі Әділжан Ақжігітов ұйымдастырған бұл шара, мекеме басшылығымен қызметкерлерінің қатысуымен өткізілді.

Іс-шара барысында, сыбайлас жемқорлық
қылмыстары мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу тақырыптары қарастырылды.

«Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады. Қызметкерлерге жемқорлыққа қарсы заңнамаларды түсіндіре отырып, мекемелерде заңдылық пен жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және оларды сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеудің маңызы зор»-деп атап өтті Саят Балғымбаев.

Сонымен қатар, жұмыс кездесуінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қағидаттары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты заңнамалардағы өзгерістер туралы айтылып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары ҚАЖ қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...