ІІМ өкілі шетелдік көліктерді заңдастыру туралы: Қашанғы созыла береді?

Шетелдік көліктерді заңдастырмаған және тіркеуден өтпеген қазақстандық жүргізушілерге айыппұл салына бастады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осындай екі мыңнан аса көлік жүргізушісіне айыппұл салынды, 1,7 мың көлік айып тұрағына қойылды, деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Журналистер ІІМ барлық құжатты рәсімдеп үлгермегендерге мерзімді ұзартуды жоспарлап отырған жоқ па деген сауалға Сұлтанбаев эмоциямен көлік жүргізушілерінде уақыт жеткілікті болғанына айтты.

«2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін қанша уақыт өтті? Бір жыл мүмкіндік берілді, көлікті рәсімдеу керек еді ғой! Не мәселе бар? Қашанғы созыла береді? Біз қазір шамамен есептедік, 1 қыркүйекке дейін (биылғы) бәріне өз көлігін заңдастыруға уақыт береміз деп. Жоқ, олай болса оларға заң жүзінде шара қолдануға тура келеді. Басқа не істейміз? Көліктердің үнемі пайдаланылуына рұқсат бере алмаймыз ғой», — деді комитет басшысы.

Ол барлығы заң аясында болуы керек деп қосты. Бүгінде заңдастыруға жатпайтын 15 мыңға жуық шетелдік автокөлік уақытша тіркеуге алынған.

«2023 жылдан кейін әкелінген және қазіргі уақытта заң бұза отырып жүргізіп жүрген азаматтарға келсек, сақтандыру мерзімі өтіп кеткен азаматтардың бұл көлікті жүргізуге құқығы жоқ. Тиісінше, әкімшілік кодекс бойынша заң аясында 10 АЕК (34 500 теңге) көлеміндегі айыппұл жауапкершілікке тартылады. Бұл бірінші ретке. Біз қазірдің өзінде осындай алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз», — деп қосты Қайсар Сұлтанбаев.

Қайталап тәртіп бұзған жағдайда полиция хаттама жасап, көлікті айып тұрағына апара алады.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...