Ішімдік үшін ұялы телефон ұрлаған күдікті ер адам анықталды

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Әйел адамның айтуынша, дүкенінде қуаттаулы тұрған «Орро» маркалы ұялы телефонын белгісіз біреу жымқырып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын 200.000 теңге.
Аталған факті ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынды.
Орын алған ұрлық қылмысы бойынша полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Жан-жақты тексеру жұмыстарының нәтижесінде тәртіп сақшылары тәулік ішінде күдіктіні анықтады. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.
Анықталғандай, күдікті бөтеннің мүлкін сатып, ішімдікке жұмсаған. Ұрланған ұялы телефон тәркіленіп алып, заңды иесіне қайтарылды.
Қазіргі таңда осы қылмысқа қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына 20 үміткер анықталды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды...

ҚазҰУ-да «Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты халықаралық күзгі мектеп басталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұлттық баспа күніне орай...

Жетісу облысындағы инсульт орталықтарында Cerebra жасанды интеллект жүйесі енгізілді

Жетісу облысындағы барлық инсульт орталықтарында ишемиялық және геморрагиялық инсультті...

Как горный туризм может расширить экономику Алматы

Развитие Алматинского горного кластера и проекта Almaty SuperSki может...