ШҚО-да мекеме қызметкерлері мұғалімдер мен бірге сотталғандарға тәрбиелік іс-шара өткізді

ШҚО бойынша ҚАЖД №17 мекемесі мен ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№3 кешкі мектебі» бірлесіп ұйымдастыруымен Катонқарағай мемлекеттік ұлттық паркінің ғылым және экологиялық мониторинг және ақпарат бөлімінің басшысы Габдуллина Алия Уланбековнаны сотталғандар арасында тәрбиелік мәдени іс-шара өткізу үшін арнайы шақырды. Іс-шарада Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген қар барысы, арқар, манул сияқты жойылып бара жатқан жабайы аңдар мен сүтқоректілер, құстардың 282 түрі туралы қызықты ақпарат берілді.

“Адам аяғы баспайтын жерден мекен ететін қар барысының фото тұзаққа түсіп қалған сәттерін көріп, өзімізді сол жабайы табиғатпен бір тұтастығымызды сезінгендей болдық” деп өз сезімін білдірді сотталған Тохтархан К. Сотталғандар өз тарапынан қызығушылық танытып, көптеген қызықты сұрақтар қойды. Сонымен қатар №17 мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары әділет майоры Арман Катанов “Алия Уланбековнамен бұл 2023 жыл басынан бері өткізіліп отырған екінші іс-шарамыз, болашақта жаңа фото тұзаққа түскен материалдарымен таныстырады” деген ниет білдіріп, мекеме атынан аздаған сыйлығын табыстады, алғыс айтты.

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Сыбайлас жемқорлық – бүгінгі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі....

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету барысында туындайтын жүйелі мәселелер қалай шешілуде?

«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан...

Deepfake дәуірі: Синтетикалық аккаунттар

Бұрын әлеуметтік желідегі парақша артында нақты адам отырады деп...

Столкнулись с проблемами при получении государственной услуги?

В целях защиты прав граждан и повышения качества оказания...

Мемлекеттік қызмет алу барысында қиындықтарға тап болдыңыз ба?

Азаматтардың құқықтарын қорғау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру...