Шымкентте әскери қызметшінің өліміне қатысты жаңа дерек айтылды

Шымкентте әскери қызметші қашықтықты жаяу еңсеру бойынша жүгіру жаттығуларынан кейін көз жұмды. Дәрігерлер оқиғаның мән-жайын айтты, — деп хабарлайды otyrar.kz. 

15 маусымда 6506 әскери бөлімнің жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес әскери қызметшілермен қашықтықты жаяу еңсеру бойынша жүгіру жаттығулары өткізілді. Іс-шара аяқталғаннан кейін 34 жастағы Б. есімді әскери қызметші өзін нашар сезінді, оған дереу алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Кейін ол Шымкенттің Бірінші қалалық клиникалық ауруханасына жеткізіліп, реанимация бөлімшесіне жатқызылды. Келесі күні сағат 17:15 шамасында әскери қызметшінің қайтыс болғаны анықталды. 

«Ұзақ физикалық белсенділіктен кейін әскери қызметші өзін нашар сезінген, оған клиникалық өлім тіркелді, дәрігерлер оны реанимациялады. Аураханаға түскеннен кейін жансақтау бөліміне жатқызылды, келесі күні есін жимай қайтыс болды. Ол үшінші дәрежелі комаға түскен. Өлім себебі — ішкі ағза мүшелерінің істемей қалуы», — дейді Шымкенттегі №1 клиникалық аурухананың бөлім меңгерушісі Қуаныш Лекеров.

6506 әскери бөлімінің өкілдері бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді. 

«Қазір тергеу жүріп жатыр, қызметтік тексеру тағайындалды. Денсаулыққа қатысты шағым болған-болмағанын қазір айта алмаймыз. Бұл қазір нақтыланып жатыр. Марқұмның туған-туыстарына көңіл айтамыз», – дейді 6506 әскери бөлімі командирінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ернар Әшірбеков.

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте сарбаз жүгіру жаттығуынан кейін көз жұмғанын хабарлаған едік. 

Служба пробации Жетысуского района Алматы усилила профилактическую работу в рамках ОПМ «Безопасный дом»

В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» сотрудники службы пробации...

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың...

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Қоғамның өркендеуі мен мемлекеттің тұрақты дамуы заң үстемдігіне, әділдікке...

Ұлттық жоба аясында жеті қалада кәріз-тазарту құрылысы салынуда: министрлік басты мәселелерді атады

Елімізде кәріз-тазарту құрылыстарының жай-күйі мәз емес. Кейбірінің тіпті әбден...