12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ШЕТЕЛДІК КАПИТАЛ НЕГЕ ТЕК ШИКІЗАТ ӨНДІРУГЕ ЖҰМСАЛАДЫ?

Елімізде шетелдік инвестицияның басым бөлігі шикізат секторына және оны тасымалдау мен сауда инфрақұрылымына кетіп жатыр. Мәселен, былтыр елге тартылған 28 млрд АҚШ долларының дені яғни, 12,1 млрд-ы тау-кен өнеркәсібіне, ал, 5,6 млрд-ы өңдеу өнеркәсібіне түскен. Бұдан шығатын қорытынды – Қазақстандағы шетелдік инвесторларды шикізат өндіруден басқа ешнәрсе қызықтырмайды. Бұл жөнінде Парламент Сенатында «Қазақстандағы инвестициялық ахуал және инвестициялық тартымдылық» деген тақырыпта өткен Үкімет сағатында айтылды.

Жалпы, Қазақстанның мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі инвестициялық ахуалды жақсарту және инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау екені белгілі. Инвестициялық тартымдылықтың басты өлшемдері – саяси тұрақтылық, заңнаманың болжамдылығы мен өзгермейтіндігі, мемлекеттік басқарудың тиімділігі. Инвестициялық ахуалдың негізін құрайтын осы факторлар үнемі мемлекет бақылауында. Жиында айтылған әңгімеден түйгеніміз ұлттық заңнамада елімізде инвестициялық белсенділікті ынталандырудың түрлі тетіктері қарастырылған. Осыған сәйкес Қазақстанда инфрақұрылымды және кең ауқымды инвестициялық преференцияларды қамтамасыз ететін 14 арнайы экономикалық және 33 индустриялық аймақ жұмыс істейді. Бизнесті ашу және жүргізу рәсімдері жеңілдетіліп, берік нормативтік құқықтық база және инвестициялық қызмет үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Сонымен қатар, инвестициялық саясаттың жаңа тұжырымдамасы бекітілді. Бүгінде Қазақстанның 76 елмен визасыз режимі бар және инвестициялық омбудсмен институты жұмыс істейді. Бұл шаралардың нәтижесі де баршылық. 2022 жылы Қазақстанға тартылған шетелдік инвестиция 28 миллиард доллар болып, рекордтық көрсеткішке жетті. Бұл соңғы 10 жылдағы инвестицияның ең үлкен ағыны және еліміздің инвестициялық тартымдылығының айқын дәлелі. Ішкі өнім өсімінің оң динамикасы да байқалып отыр. Мәселен, 2022 жылы бұл көрсеткіш 2,1 пайызға жетіп, 220,5 млрд долларды құрады. Бұл қазіргі геосаяси жағдай аясында елеулі жетістік. Еліміз сыртқы сауда айналымын да өте қарқынды ұлғайтып келеді. Былтыр бұл саладағы табыс 134,4 миллиард долларға жетіп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 35 пайызға артты. Алайда, бізде бәрі жақсы деп тоқмейілсуге ерте. Жиында мұның себебін қосымша баяндама жасаған сенатор Ольга Перепечина ашып айтты. Оның сөзінен ұққанымыз, елімізде статистикалық мәліметтер бойынша көптеген инвестициялық келісімшарттар жасалады. Мысалы 2017–2022 жылдар аралығында 3,4 трлн сомаға 351 инвестициялық келісімшартқа қол қойылыпты. Оның ішінде 2,5 трлн сомаға жасалған 238 шарт күшінде. Алайда осынша көп мәміледен өңдеу секторына келіп жатқан пайда жоққа тән. Әлі күнге экономикамыздың құрылымы импортқа тәуелді болып отыр. Мәселен, Қазақстан ең маңызды құрылыс материалдарының 90 пайызын сырттан сатып алады. Сонымен қатар, бюджетке қомақты қаржы құйылып, агроөнеркәсіп кешеніне салық және кедендік преференциялар берілгеніне қарамастан, әлеуметтік маңызы бар азықтүлік тауарларының 56 пайызы импорттық тауарлар. Ал, арнайы экономикалық аймақтарда өнеркәсіптік кәсіпорындарды құруға салынған 1,2 трлн теңге көлеміндегі инвестицияның 65 пайыздан астамы – квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаржысы. Бұл жеке инвестицияның мемлекеттік инвестициямен нақты алмастырылғанын аймақтарға инвестиция тартуға негізгі кедергілер инфрақұрылымның толық жасалмауы, білікті кадрлардың тапшылығы, осы өңірлер құрылысының аяқталу сатысындағы инвесторлар үшін берілмейтін өзін өзі ақтау мерзімі секілді мәселелер. Бұл мәселелерді шешу бағытында қабылданған шаралар аз емес. Мәселен, депутаттар өз тарапынан заңнамалық бастамалар жасап, саланы құқықтық тұрғыдан қолдауда әрдайым белсенділік танытып келе жатыр. Инвестициялар көлеміне қарай жеңілдіктер беруде сараланған тәсілге, арнайы экономикалық аумақта басым бағытты таңдап, қызметтің жаңа түрлерін өзекті мәселелер тізбесіне енгізу рәсімдерінің мерзімін қысқартуға қатысты үкіметке маңызды ұсынымдар жіберілді. Техникалық шарттарды беру уақыты және арнайы экономикалық аймаққа қатысушылардың өндірістік қуатқа жеткеннен кейін жер учаскесін сатып алу мүмкіндігін ұсыну және тағы басқа шаралар қабылданды. Ұсыныстардың көпшілігі заңмен бекітілген, кейбіреулері әзірлену сатысында. Осыған орай, бұл жаңалықтар АЭА-ның дамуына одан әрі серпін беріп, ақырында өнеркәсіп пен кәсіпкерлікті дамытудың нүктелеріне айналады деген үміт бар. Алайда жүйелік проблемалармен қатар жүретін мемлекеттік басқару тиімділігінің жеткіліксіздігі, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар арасында өзара байланыстың жоқтығы, жобаларды қарау ұзақтығы, құжаттар бойынша келісу және қол қою тәртібіндегі бюрократиялық кедергілерге қатысты нақты шешім қажеттігі айқын көрініп тұр. Мемлекеттік органдардың өз міндеттемелерін орындамауы, өнім өндіру үшін шикізатпен қамтамасыз ету, электр желілеріне қосылуға техникалық шарттарды алудың қиындығы, теміржол инфрақұрылымының әбден тозуы, энергия тапшылығы да инвестициялық тартымдылыққа, оның қайта өңдеу саласына бағытталуына елеулі кедергі. Талқылау барысында көптеген сұрақтар қойылып, инвестициялық ахуалды одан әрі жетілдірудің өзекті мәселелері ортаға салынды. Нақты ұсыныстар жасалды. Депутаттар бұл ретте инфрақұрылымды жүргізуге инвесторлар шығындарының бір бөлігін өтеу, басым салаларда инвесторлар үшін жаңа ұсыныстар пакеттерін дайындау, стратегиялық инвестициялық жобалар үшін барлық қажетті рәсімдерді қолданудың және өтудің арнайы тәртібімен қамтамасыз ету, техникалық шарттар берудің бірыңғай регламентін бекіту үшін тиісті құқықтық актілерді қабылдауға жеке меншік инвесторларды тарту тетіктерін әзірлеу, мемлекеттік органдармен артық келісімдерді қысқартуға жаңа инвестициялық саясатты әзірлеу және сауда саясатының тұжырымдамасын дайындау қажеттігін атап көрсетті.

Айша ҚҰРМАНҒАЛИ, «Заң газеті»

На грани безработицы

ПАРЛАМЕНТАРИИ ПРЕДУПРЕДИЛИ О РИСКАХ РОСТА БЕЗРАБОТИЦЫ И УСИЛЕНИЯ СОЦИАЛЬНОГО НАПРЯЖЕНИЯ В СЕЛЬСКОЙ МЕСТНОСТИ В СВЯЗИ С ИЗМЕНЕНИЯМИ ПОРЯДКА ОРГАНИЗАЦИИ ОПЛАЧИВАЕМЫХ ОБЩЕСТВЕННЫХ РАБОТ.

Перизат Қайрат колонияда жұмыс істей ме?

Жарты жыл бұрын Перизат Қайрат алаяқтық қылмысына байланысты 10 жылға сотталды.

2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді

Алматы қаласы 2029 жылы өтетін қысқы Азия ойындарының ресми ұйымдастырушысы болып бекітілді.

Астанада оқушылар түстен кейін онлайн оқитын болды

Бұл туралы қаланың білім басқармасы мәлімдеді.

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды

Ерлан Өтегенов Бас прокурордың орынбасары лауазымына тағайындалды,