Шахмат –ақыл-ой спорты

Аталмыш турнир Астана қаласы Қылмыстық атқару жүйесі Департаменті мекемелерінде сотталғандар арасында, мекеме қызметкерлерінің қадағалауымен шахмат онлайн турнирі ұйымдастырылды. Бұл турнирге қуана ынта білдірген Елордалық №3 мекемесінің сотталғандарыда шет қалмады. Турнир кестесін №3 мекемесі мен №64 мекемесінің сотталғандары ашты, тартысты ойында №3 мекемесі қарсылас команданы тізе бүктірді.

Шахмат ойыны туралы деректерге көз жүгіртсек, біздің заманымызға мың жыл бұрын  үндістандық математик ойлап тапқан деседі. Шахмат сөзінің мағынасы Парсы тілінен аударғанда патша (шах), өлді (мат) деген мағынаны білдіреді.

«Сотталғандар арасында әлеуметтік-психологиялық және тәрбие жұмысы бөлімінің бастамасымен ұйымдастырылған бұл іс-шара сотталғандарды түзелу жолына және ой-өрісті, сабырлықты дамытуға, әлеуметтік ортада тез бейімделуге ең бастысы, азарттық ойындардан арылтуға бағытталған. Бұл турнирде жеңіске жеткен мекеменің сотталғандары, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің мекемелері арасындағы «Республикалық турнирге» жолдама алады», — деп сөзін қортындылады №3 мекемесі сотталғандар арасында әлеуметтік-психологиялық және тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы әділет майоры С.А.Абильмажинов.

Кинопоиск қазақстандықтардың ең танымал онлайн-кинотеатрына айналды

Онлайн-кинотеатрға жазылған қазақстандық қала тұрғындарының әрбір екіншісі Кинопоиск қызметін...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты адам құқықтарын қорғау,...

Әке болуды даулау: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу

Әке болуды даулау – отбасы құқығындағы маңызды әрі күрделі...

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...