«Участок» ЖПШ кезеңінде профилактикалық жұмыс

Ағымдағы жылдың 14 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында Солтүстік Қазақстан облысының аумағында қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті полиция Департаментімен бірлесіп «Участок» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізеді, оған Шал ақын ауданының пробация қызметінің қызметкерлері ПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторларымен бірлесіп қатысты.

Аталған іс-шараның мақсаты профилактикалық есепте тұрған сотталғандардың жазаны өтеу шарттары мен тәртібін бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу, қоғамдық тәртіпке қол сұғатын қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың қайталануына жол бермеу және алдын алу, сондай-ақ есепте тұрған контингенттің құқықтық және белсенді қоғамдық-пайдалы мінез-құлқын ынталандыру болып табылады.

Сонымен қатар есепте тұрған тұлғалардың жеке басын толық зерделеу және өмір салтының ақпараттық сипаттамасын алу үшін сотталғандармен бірге тұратын адамдармен жұмыс жүргізіледі.

Іс-шара барысында профилактикалық жұмыстар сотталғандардың тұрғылықты жерлері бойынша жүргізіледі, әлеуметтік байланыстар жүйесін қалпына келтіруге және қолдауды қалыптастыруға, жұмысқа орналасуға, ҚР заңнамасында белгіленген жеңілдіктер мен әлеуметтік төлемдерді алуға жәрдем көрсетіледі.

СҚО бойынша ҚАЖ Департаменті

Шал ақын ауданының ПҚБ бастығы

әділет капитаны

А.М.Спаен

Кинопоиск қазақстандықтардың ең танымал онлайн-кинотеатрына айналды

Онлайн-кинотеатрға жазылған қазақстандық қала тұрғындарының әрбір екіншісі Кинопоиск қызметін...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты адам құқықтарын қорғау,...

Әке болуды даулау: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу

Әке болуды даулау – отбасы құқығындағы маңызды әрі күрделі...

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...

СПЕЦИАЛИСТЫ ДЛЯ БОЛЬШОЙ ЭНЕРГЕТИКИ

ЗА ОДНИМ СТОЛОМ СОБРАЛИСЬ ПРЕДСТАВИТЕЛИ АГЕНТСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО АТОМНОЙ ЭНЕРГИИ, ГОСУДАРСТВЕННОЙ КОРПОРАЦИИ «РОСАТОМ», ПРОФИЛЬНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ, УНИВЕРСИТЕТОВ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙ ДВУХ СТРАН. ГЛАВНОЙ ТЕМОЙ СТАЛА НЕ САМА АТОМНАЯ ЭНЕРГЕТИКА, А ЛЮДИ, КОТОРЫМ...