12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Төлебилік полицейлер отбасы күнінде перзентханаға барды


«15 мамыр Халықаралық Отбасы күні» мерекесі қарсаңында, Төлеби аудандық полиция бөлімінің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы полиция капитаны Ақмарал Боташева, әкімдіктің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі секторының меңгерушісі Қуаныш Омаров, аурухана мен емхана қызметкерлері бірлесіп, ерекше шара ұйымдастырды.

Яғни аталған мекеме қызметкерлері Төлеби аудандық ауруханасында сәбилі болған 8 ана мен Леңгір қалалық ауруханасындағы жаңа босанған 4 қыз-келіншекті мерекемен құттықтады. Сыйлықтар үлестіріп, нәресте мен аналарына ақ тілектерін жеткізді: «Мерекеге толы мамыражай мамыр айында дүние есігін ашқан сәбилеріміз туған жеріміздің мақтанышына айналар тұлға болсын! Сіздерге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз!»-деп ізгі ниеттерін білдірді. «Отбасы күнінде» өздеріне тарту жасалып, көрсетілген құрметке жас аналар ризашылықтарын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.


Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Рақымшылық Заңының маңызы зор!

Қазақстанда кезекті рақымшылық заңы қабылданды. Бұл ел тәуелсіздігін алғаннан...

Кәсіподақтар Президент реформаларын жүзеге асыруға қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді

Жұма күні, 11 шілдеде Астанада Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының...

ЭТИКА В МАНТИИ: КАК СУДЬИ КАЗАХСТАНА ХРАНЯТ ДОВЕРИЕ ОБЩЕСТВА

Судебная система — это не только законы и процедуры,...