Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараны мекеме қызметкерлері сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімімен бірлесіп өткізді.

Мерекелік бағдарлама сотталғандардың белсенді қатысуымен дайындалды. Іс-шара барысында патриоттық әндер шырқалып, соғыс жылдарындағы өлеңдер оқылып, Отан үшін жанын қиған батырлар мен ардагерлердің ерлігіне арналған тақырыптық қойылымдар ұсынылды. Қатысушылар ел тарихына құрмет білдіріп, ерлікке толы тарихи кезеңдердің маңыздылығын атап өтті.

Мерекелік кештің ерекше әсерлі өтуіне сотталғандар дайындаған шығармашылық нөмірлер ықпал етті. Олардың көпшілігі мұндай шаралардың адамға өмірлік құндылықтарды қайта саралауға, жауапкершілік пен ел тарихына деген құрметті нығайтуға көмектесетінін айтты.
— Біз үшін мұндай іс-шаралардың маңызы зор. Олар ата-бабаларымыздың ерлігін ұмытпауға, үлкен буынға құрмет көрсетуге және өз болашағымыз туралы ойлануға мүмкіндік береді. Біз өнер көрсетулерімізді шын жүректен әрі ықыласпен дайындауға тырыстық, — деді сотталғандардың бірі.

— Осындай іс-шараларды өткізу тәрбиелік жұмыстың маңызды бөлігі болып табылады. Патриоттық тәрбие — сотталғандармен жүргізілетін жұмыстың негізгі бағыттарының бірі. Мәдени және тағылымдық шараларға қатысу арқылы ел тарихына құрмет, рухани құндылықтар, азаматтық жауапкершілік пен оң өзгерістерге ұмтылыс қалыптасады. Мұндай кездесулер мекемедегі моральдық-психологиялық ахуалды нығайтып, сотталғандардың түзелу жолына түсуіне ықпал етеді, — деп атап өтті сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы Ермек Рахимов.

Іс-шара соңында қатысушылар батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, ардагерлерге көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін алғыстарын білдірді.

ТУРКЕСТАНСКИЙ ПОЛИЦЕЙСКИЙ — СНОВА В ЧИСЛЕ ЛУЧШИХ: АЗИЗ АБЗАЛ ЗАВОЕВАЛ БРОНЗУ ЧЕМПИОНАТА КАЗАХСТАНА

В Актау состоялся чемпионат Республики Казахстан по универсальному бою...

ӘЛЕМДІ БАҒЫНДЫРҒАН ТӘРТІП САҚШЫСЫ: ТҮРКІСТАНДЫҚ ПОЛИЦЕЙ ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТАҒЫ ДА ҮЗДІК ШЫҚТЫ

Ақтау қаласында әмбебап жекпе-жектен (UNIFIGHT) ересектер арасында Қазақстан Республикасының...

ОДИН ДЕНЬ ИЗ ЖИЗНИ ПОЛИЦИИ: КАПИТАН НА СТРАЖЕ ОБЩЕСТВЕННОГО ПОРЯДКА

Обеспечение общественного порядка и безопасности граждан - одна из...

ПОЛИЦИЯНЫҢ БІР КҮНІ: ЕЛ ТЫНЫШТЫҒЫН КҮЗЕТКЕН КАПИТАН

Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – полицейлердің...

Полицияның бір күні: әр айғаққа жауапкершілік

Түркістан облысының полицейлері қылмыстық істер бойынша айғақ заттарды қабылдау,...