Ерлан Қарин: жаңа Конституцияның негізгі ережелері мен нормаларын жүзеге асыруға қатысты жұмыс кезең-кезеңімен атқарылып жатыр

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар бірінші оқылымда үш заң жобасын қарады:

8 бөлім мен 43 баптан тұратын «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңның жаңа редакциясы. 12 бөлім мен 60 баптан тұратын «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның жаңа редакциясы. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы.

Ұсынылып отырған өзгерістер:
– қолданыстағы заңнаманы жаңа Конституцияға бейімдеуге,
– мемлекеттік-саяси модельді институционалдық жаңғыртуға,
– саяси жаңғырудың келесі кезеңіне арналған жүйелі құқықтық негіз қалыптастыруға бағытталған.

Заңнаманы үйлестіру үдерісі мен алдағы Құрылтай сайлауы Әділетті Қазақстанның конституциялық қағидаттары мен құндылықтарына негізделген ел дамуының жаңа кезеңінің басталуын білдіреді.

Заң мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығы

       Қазіргі заман талабына сай әрбір  азамат өзінің құқықтары...

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...