Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы заң жобасы жақын арада Парламентке енгізіледі

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама жасаған облыс басшысы Дархан Сатыбалдыға БАҚ өкілдері: «Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы заң жобасын дайындау бойынша бастама болғанын білеміз. Бұл заң жобасы дайындалды ма? Ол қабылданған жағдайда Түркістан қаласы немен ерекшеленеді?», — деген сұрақ жолдады, — деп хабарлайды Zanmedia.kz порталы.

Бұл туралы облыс басшысы: «Түркістан шаһарына ерекше статус беру өңір халқы күтіп отырған оқиға», — деді.

«Былтыр Президентіміз қала тарихи, рухани орталық деген атауға лайық деп ұсыныс берді. Қазіргі таңда арнайы заң жобасын әзірлеп, ол орталыққа ұсынылды. Орталық мемлекеттік органдардың қарауында. Қазір көбінің келісімін алдық. Жақын арада Үкіметтің келісімімен ары қарай Парламентке өткізетін боламыз», – деп бөлісті аймақ басшысы Түркістан қаласына ерекше статус беруге қатысты атқарылып жатқан шараларға тоқталу барысында.

Дархан Сатыбалды Түркістан ең көне қалалардың бірі және оның аумағында ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралары тізіміне кіретін Қожа Ахмет Яссауи кесенесі бар екенін еске салды. 

«Оны сақтап келесі ұрпаққа жеткізуіміз керек. Сол себепті ерекше статустың берілуі біріншіден, түрлі мәселелер шыққан кезде, өзіміз шешім қабылдап, тиісті шаралар жүргізуге мүмкіншілік береді. Екіншіден, қаланың рухани, мәдени дамуына серпін береді деген сенімдеміз», – деді өңір басшысы.

Сондай-ақ, ол кесененің айналасындағы құрылыстарды реттеу мәселесі туралы айтты. Оның сөзінше, Түркістан қаласын бір стильде дамыту көзделген. Осы ретте шаһарда құрылысқа байланысты кеңес құрылатынын жеткізді. Яғни, абаттандырудан бастап, нысандарды күтіп ұстауға дейінгі мәселелер назарда болады.

«Қазір кесененің жанында жеке меншіктің жері болса, ол бізбен келіспей, жобасын жасайды да, құрылысын сала береді. Ал ол жерде біздің ЮНЕСКО-ның талаптары бар. Соның бәрін бір стильде, дизайнда құратын боламыз», – деп қорытындылады өз сөзін Дархан Сатыбалды.

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Сыбайлас жемқорлық — заңды бұзу ғана емес, қоғамның әділдікке...

Әкімшілік іс жүргізу барысындағы дәлелдемелер және дәлелдеудің тәртібі мен ерекшеліктері

Соттар талап қою нысанасын дәлелдеу процесінде тараптардың, атап айтқанда...

Кассациялық сот құру сот төрелігінің сапасын және азаматтардың жалпы соттарға деген сенім деңгейін арттыру

Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судяларының мәртебесі туралы» Конституциялық...

Конституциялық құқық белгілерінің бірі — мемлекеттік тіл

Тіл – ұлттың рухани байлығы, елдің тарихи жады мен...

Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және болдырмау іс шаралары

Қазіргі таңда әрбір дамыған мемлекеттің алдында тұрған ең басты...