Түркістан облысының полицейлері «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінің көрсетіліміне қатысты

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы түсірген «Міржақып. Оян, қазақ!» толықметражды көркем фильмінің көрсетіліміне Түркістан қаласындағы кинотеатрда Полиция департаменті бастығы Мұрат Қабденовтың бастамасымен жеке құрам қызметкерлері қатысты. Яғни фильмнің жабық көрсетіліміне Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Б. Айтпаев бастаған 100-ге тарта полицейлер барды. Сондай-ақ қалалық мәслихат хатшысы Ғ.Сәрсенбаев, қала әкімі Н.Тұрашбеков, облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж. Әзіретбергенов пен бірқатар депутаттар қатысты.
Негізгі мақсат-жас мамандардың бойында отансүйгіштік, патриоттық рухты оятып, халық үшін қалтқысыз қызмет етуді дәріптеу.
120 минуттық кинокартинада Міржақыптың «Оян, қазақ» кітабын жазғаннан бастап, темір торға тоғытылғанға дейінгі өмірі көрсетіледі. Яғни, қайраткер азаматтың ғұмырының революциядан кейінгі жылдардағы, ашаршылық кезіндегі қоғамдық-саяси қызметі, Қызылорда, Семей, Мәскеудің әйгілі «Бутырка» абақтысындағы азапты күндері көрініс тапқан.
Фильм көрсетілімінен кейін бас кейіпкер Міржақып Дулатовтың рөлін сомдаған актер Бақыт Қажыбаев көрермен алдына шығып өз алғысын білдіріп, қызметкерлердің жұмысына сәттілік тіледі.
Шара соңында жиналған қауымға Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов көпшіліктің атынан ризашылығын жеткізіп, Бақыт Қажыбаевтың сомдаған рөліне алғысын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...