Түркістан облысында 13 миллион теңге қарызы бар автокөлік жүргізушісі анықталды

Түркістан облысы Полиция департаментінің жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы жолдардағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қадағалап қана қоймай, әкімшілік айыппұл немесе берешек төлеуден жалтарған жүргізушілерді анықтауға көмектеседі. Мәселен Түркістан облысы ПД   ЖБО-ға Сарыағаш ауданының сот орындаушысынан қаржы мекемелерінің біріне 13 миллион теңге берешегі бар Түркістан қаласы тұрғынының автокөлігін ұстау туралы өтініш келіп түсті. Кезекшілер ЖБО бақылау камераларының көмегімен облыс орталығы мен республикалық маңызы бар жолдарды тексерді. Сондай-ақ автокөліктің қозғалысын тіркей алатын бейнежазбаларды мұқият қарап, патрульдік полиция экипаждарын борышкердің көлігін тоқтатуға бағыттады.              
Нәтижесінде полиция қызметкерлері екі сағат ішінде республикалық маңызы бар трассалардың бірінен "Тойота" маркалы автокөлікті анықтады. Операторлар деректерді патрульдік полиция инспекторларына тапсырды, олар аталған көлікті тоқтатып, айыптұраққа қамады.    
 Өз кезегінде сот орындаушысы жедел басқару орталығының басшылығына қарызды төлеуден жалтарған жүргізушіні анықтауда көрсеткен жеделдігі мен жәрдемі үшін алғысын білдірді.       
ПД ЖБО бастығы Сәбит Бақтығалиев атап өткендей, 2023 жылдан бастап ЖБО операторлары бейнебақылау камералары пайдалана отырып, жүргізушілері әкімшілік айыппұлдар мен қарыздарды төлеуден жалтарған 20-ға жуық көлікті анықтаған. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ АЙҒАҒЫ

Тіл – ұлттың рухани тірегі, тарихи жады мен мәдени...

Атқарушылық жазба: борышкер мен өндіріп алушының құқықтары

Қазіргі таңда елімізде азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғаудың...

ЦИФРОВЫЕ ТРЕНДЫ В ДЕЙСТВИИ

Студенты Университета Нархоз посетили Farabi Supercomputer Center Экскурсия в суперкомпьютерный...

ІС ЖҮЗІНДЕГІ ЦИФРЛЫҚ ТРЕНДТЕР

Нархоз университетінің студенттері Farabi Supercomputer Center орталығына барды Әл-Фараби атындағы...

Абай облысының ҚАЖ мекемесінде кәсіпкерлікті дамыту мәселелері талқыланды

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіздік мекемесінде 5511 әскери...