Түркістанда бір сотталғанға ескерту берілді

Тамыз айының 14-30 аралығында «Участок» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД Түркістан қалалық  пробация қызметі және Полиция бөлімі инспекторларымен бірлесіп, пробация қызметі есебінде тұрған адамдарды тұрғылықты мекен жайы бойынша тексеру жұмыстары жүргізіледі. Қылмыстың алдын алу және бұрын істі болғандармен кері байланыста мұндай шаралардың маңыз зор! Сондықтан көне қалада мұндай профилактикалық шараларды жиі өткізіп тұрады.

Іс шара барысында профилактикалық және тізімдік есепте тұрған тұлғаларды мекен-жайлары және жұмыс орындары бойынша тексеріп, құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

— Бас бостандығынан айыру жазасына байланысты емес жазаға сотталғандардың негізгі міндетін сот белгілейді. Атап айтқанда, оларға жұмыстан немесе оқудан бос кезде міндетті түрде тұрғылықты жерде болу, алкагольдік ішімдік ішетін, құмар ойын-сауық орындарына бармау, пробация қызметіне белгілеген күндері келіп тіркелу міндетті болып табылады. Осы тәртіпті бұзған жағдайда бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына алмастырылады. Ал, шартты жаза болған жағдайда шартты мерзімді ұзарту немесе шартты жазаның күшін жойып бас бостандығынан айыру жазасына алмастыруға сотқа ұсыныс жолданады, — деді Түркістан қалалық пробация қызметінің аға инспекторы Жанболат Абдрахманов.

Пробация қызметінің аға инспекторының сөзіне қарағанда бір күнде 25 сотталғанның үйі мен жұмыс орынына барып тексерген. Тексеру барысында бір сотталғанға ескерту беріліп, әкімшілік жазаға тартылған. Сотталған тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркеуде болмаған. Ол тексеру барысында пробация қызметінің инспекторына ескертпестен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Егер шартты түрде сотталушы сынақ мерзімі ішінде өзінің түзелгенін дәлелдесе шартты түрде соттаудың мерзімінен бұрын босату жөнінде сотқа ұсыныс беріледі. «Участок» жедел-профилактикалық іс-шарасының өтуі барысында құқық бұзушылыққа бейім адамдар тізімі анықталып, есепте тұрған сотталғандардың тұрғылықты мекенжайы бойынша тексерістер жүргізіліп, сотталғандармен профилактикалық әңгімелер жүргізілді.

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі төмен мекемесінде сотталғандарға арналған мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі төмен мекемесінде...

Сот құжаттарына апостиль қою және электрондық үкімет веб-порталының мүмкіндіктері

Қазіргі жаһандану жағдайында азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен...

Судья әдебі – ауқымды ұғым

Қоғамда әділдік пен заң үстемдігін қамтамасыз ететін негізгі тұлғалардың...

Халықаралық шарттар – әділ сот төрелігінің кепілі

Қазіргі жаһандану дәуірінде құқықтық мемлекет құру жолында халықаралық стандарттардың...

Тергеу ұғымы және оның маңызы

Тергеу – қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашу, кінәлі тұлғаларды анықтау...