Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 50 мыңнан асуы мүмкін — БҰҰ

Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 50 мыңнан асуы мүмкін. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық мәселелер бойынша орынбасары Мартин Гриффитс мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle агенттігіне сілтеме жасап.

Гриффитс қазір жағдайды бағалау қиын екенін, барлық үйінділерді бөлшектеп, тексеру қажет екенін атап өтті.

«Бірақ мен қаза болғандардың саны бұл көрсеткіштен екі есе немесе одан да көп болатынына сенімдімін. Бұл қорқынышты. Табиғаттың соққысы қатты таңғалдырады. Бұл қираған ғимаратттар астына әлі де біраз адам жатыр ғой, олардың кейбіреулері тірі», — деді ол.

Соңғы мәліметтер бойынша, Түркия мен Сирияда қаза тапқандар саны 33 мыңнан асты.

ОСК МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫНА ҚАТЫСАТЫН САЯСИ ПАРТИЯЛАР ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен саяси партиялар заңнамаға сәйкес...

ӘРПК аясындағы медиация: заң мен келісім үндестігі

Құқықтық мемлекетте кез келген даудың шешімі әділдік пен заңдылыққа...