ТИЗО-дағы спартакиада

 «Дені сау денеде сау рух бар»! Осы ұранмен бүгін, 23.08.2023 жылы ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде шаруашылық қызмет көрсету жасағының сотталғандары үшін арнайы контингент арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімі жазғы спартакиада өткізді.

Іс-шара бағдарламасы үш кезеңде өткізілді: эстафета, ұзындыққа секіру және салмақ көтеру бойынша күш жарыстары кірді. Тіпті ежелгі грек философтары адамның рухани және физикалық жағынан бірдей дамуы керек екенін атап өткен. Сондықтан шаруашылық қызмет көрсету отрядының жігіттерінің дене шынықтыру дайындығы мен психологиялық дайындығына осындай көңіл бөлінеді. Ал жарыстарды өткізу жеңіске жетелейді.

– Спорттық іс-шараларды өткізу біздің қамқорлығымыздағы жігіттердін денсаулығын нығайтуға ықпал етіп қана қоймай, оларды одан әрі дене шынықтырумен айналысуға ынталандырады, оларда өзін-өзі тәрбиелеуді дамытады және, ең бастысы, командалық жұмыс дағдыларын дамытады — деп түсіндірді мекеме бастығының орынбасары әділет подполковнигі Рахимов Қанат Керімбайұлы.

 — Психолог ретінде өткізілген эстафета жасақ ішіндегі моральдық-психологиялық ахуалға пайдалы әсер еткенін атап өтемін. Жинақталған негатив, жарыс барысында адреналиннің артық мөлшерде «төгілді», оның соңында мен қатысушылардың жүздерінен тек күлімсіреуді көрдім. -Дейді арнайы контингент арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің инспектор-психологы әділет аға лейтенанты Макашева Ақмарал Тунгишбекқызы.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...