Тергеу мекемесінің жеке құрам қызметкерлері қыстық киім үлгісіне көшті

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты № 68 мемлекеттік мекемесінің жеке құрамы  қыстық киім үлгісіне көшуіне байланысты саптық байқауға тұрғызылды. Бұл іс- шараны мекеменің кадр саясат тобының  аға инспекторы, әділет капитаны  Тұрымбетов Мирамбек Ұзақұлы ұйымдастырды. Дәстүрлі саптық тексеріс мекеме ғимаратының алдында өткізілді.
Кадр тобының маманы жеке құрам қызметкерлерінің  қыстық киімдерін, сырт келбетін, жинақылығын тексерді. Жеке құрамның барлығы дерлік киім кию үлгісіне байланысты арнайы бұйрықтың талаптарына сәйкес екендіктерін көрсетті.

Мұндай саптық байқаулар жылына екі рет, яғни, көктемде (жаздық киімге көшкен кезде) және күзде (қыстық киім үлгісіне көшкенде) өткізіледі.

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...

За год Казахстан обошел Португалию и Финляндию по объему экономики

Международный валютный фонд в октябрьском обзоре мировой экономики оценил...