Тергеу мекемесінде сыбайлас-жемқорлыққа қарсы түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Ағымдағы жылдың 12-тамызы күні Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты 68 мемлекеттік мекемесінде кадр саясаты тобының ұйымдастыруымен, жеке құрам қызметкерлері арасында сыбайлас-жемқорлыққа қарсы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Алдымен  өз сөзінде, сыбайлас жемқорлыққа жататын  қылмыстарды санамалап, « Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы айтып берді. Яғни, қарапайым пара берушілер мен делдалдар үшін салынатын айыппұл мөлшерінінің өскендігі мен сотталған жағдайдағы жаза мерзімінің ұлғайтылғандығы жайлы да нақты дәлелдер келтірді.

Мысалы, бұрын ҚК-нің 367-б 2- бөлігінде « айтарлықтай пара беру» қылмысы үшін ең жоғарғы санкция 5 ж бас бостандығынан айыру болса, қазіргі жаңа редакцияға сәйкес, 7 жылға дейін ұлғайтылып, бұл қылмыстың ауыр  құқықтық салдары бар санатқа жатып,шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуға тыйым салынатындығын баса айтты.

Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу әрбір қызметкердің  ұстанымына, ал Адалдық пен Сатылмаушылық мінез – құлық нормасына айналуы тиіс. Жеке құрам бойында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты иммунитет болмаса, қажетті нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Сондықтанда, тергеу изоляторындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес, үздіксіз жүргізілуі керек – деп, аяқтады өз сөзін.

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....