Тергеу мекемесінде сотталған азамат некелесті

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде жазасын өтеуші азамат некелесті.

Жазалау орындарында некеге тұру сирек жайт. Алайда, бұндай жағдайларда неке тіпті көтермеленеді. Өйткені неке — қамаудағыны тәртіпке келтіріп, мерзімінен бұрын босатуға ынталандырады.  Әрі жаза мерзімін өтеу барысында, бостандыққа шығуға үлкен үміт сыйлайды. 

Бүгін міне, ҚР ҚК- тің 188–бабының 3-тармағының 3-бөлігімен айыпталушы азамат өз тағдырын жолықтырып некелесті . Олардың неке куәлігін табыстау үшін мекемеге Қызылорда қалалық АХАТбөлімінің іс жүргізушісі Омарава Жадыра Оразғалиқызы келіп қол қойдырып табыстады.  Махаббаттарын  заңдастырған қос ғашық қуанып, мекеме заңгері Г.Қарашаеваға  алғыстарын білдірді.

Бостандықта жүргенде азаматтық некеде болған сүйіктім, басыма іс түскенде тастап кетпей, күн сайын сәлем-сауқат әкеліп, хал-жағдайымды біліп кетеді. Маған оның адалдығы ұнады. Сондықтан жас алшақтығына қарамай ара-қатынасымызды заңдастыру мақсатында  өтініш жаздық. Мекеме заңгері Г.Қарашаеваның ықпалымен неке куәлігін алдық. «Енді сотталып кеткен күнде кездесуге келіп тұрамын» дейді сүйіктім. Оңай жолмен ақша тауып, қылмыс жасадым. Енді міне, заң алдында жауап беруге тура келеді.Бірнеше жылдар темірторда отырамын.   Бірақ  қиын шақта қолдап, менімен бас құрауға келіскен жан бар. Бұл неке маған үміт сыйлайды, – дейді сотталған.

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...

За год Казахстан обошел Португалию и Финляндию по объему экономики

Международный валютный фонд в октябрьском обзоре мировой экономики оценил...