Темір ұрлаған азамат мәжбүрлі еңбек атқаруда

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қалалық пробация қызметімен қосымша бақылау үшін есепте тұрған сотталғандар мәжбүрлі еңбекті орындау орны бойынша тексеріледі. Мәжбүрлі еңбекке тарту түріндегі жаза сотталған адамның тұрғылықты жері бойынша орналасқан қоғамдық орындарда Жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын, белгілі бір біліктілікті талап етпейтін тегін қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындауынан тұрады.

Сотталған А.ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі бойынша Қызылорда қалалық сотының үкімі бойынша кінәлі деп танылды және пробациялық бақылау белгілене отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Сондай-ақ үкім бойынша жергілікті атқарушы органдар айқындайтын орындарда жылына 100 сағат мерзімге мәжбүрлі еңбек тағайындалды.

  • Тұрақты жұмыс орны бар немесе оқумен айналысатын кәмелетке толмаған сотталғандар, жүкті әйелдер, әйелдер мәжбүрлі еңбекке тартылмайды. Қазіргі уақытта сотталған А.мәжбүрлі еңбек атқарып, Қызылорда қаласының көшелері мен аулаларын абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізуде. Пробациялық бақылау белгіленген әрбір азаматқа сот жүктеген міндеттерді түсіндіріп, профилактикалық сұхбаттар, күнделікті мекенжайынан тексеру жұмыстарын жүргіземіз. Мәжбүрлі еңбек тағайындалған сотталғандарға мәжбүрлі еңбек атқару тәртібі түсіндіріліп, жаза өтеу тәртіп бұзушылыққа бармау керектігі ескертіледі,-дейді әділет майоры Жанар Сұлтанова.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Государственным служащим даны разъяснения

Государственным служащим Департамента внутреннего государственного аудита по городу Алматы...

АДАЛ АЗАМАТ-ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУДІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ

Адал азамат- сөзі мен ісі үйлескен, ел мүддесін жеке...

Құрылтай және сот реформасы: әділетті қоғамға бастар жол

Ұлттық құрылтай қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, ел дамуының маңызды...

Миранда ережесі: Конституциялық деңгейдегі жаңа құқықтық кепілдік

Адамның құқықтары мен бостандықтары – демократиялық және құқықтық мемлекеттің...

Мемлекеттік тіл – сот төрелігінің абыройы мен құқықтық мәдениетінің, ұлттық қауіпсіздік пен әскери рухтың негізі

Мемлекеттілік пен егемендіктің мызғымас діңгегі – мемлекеттік тіл. Қазақстан Республикасының...