Телефонға толы пирогты Алматы облысының әйелдер колониясына өткізбек болды

Әйелдер колониясына қысқа мерзімді кездесуге келген ер адам Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД қарасты №10 мекемесіне ұялы телефондарға толы пирог өткізбек болған, деп хабарлайды ҚАЖД баспасөз қызметі.

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №10 қауіпсіздігі орта мекемесіне ер адам тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысты.

Ер адам он бір телефонды печенье мен пирог қораптарына жасырып, оларды өткізбек болды.

Мекеме қызметкерлерінің қырағылығының арқасында өткізу фактісінің алды алынып, он бір ұялы телефон, екі зарядтағыш, құлаққап және он жеті электронды темекі таяқшалары тәркіленді.

«Қазіргі уақытта әкімшілік шешім қабылдау үшін ер адамға қатысты материалдар Іле ауданының полиция басқармасына жіберілді», — деп атап өтті ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Ашов.

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....