spot_img
spot_img

ТАЗА ҚОҒАМ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТЕН БАСТАЛАДЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2022 жылғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы жариялады. 2022 жылы 2 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022–2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы мен оны іске асыру жөніндегі нақты іс-қимыл жоспары бекітілген еді. Ол жоспарда қандай мәселелер көтеріліп, қандай жұмыстар атқарылуда?

Жаңа стратегиялық құжат сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жүйелі түрде жоюға, ол үшін жауапкершіліктің жоғарылауын қамтамасыз етуге, қоғамдық сананы түбірінен өзгертуге бағдарланған. Оны дайындау кезінде азаматтардың пікірлері мен БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясында бекітілген, сондай-ақ, ГРЕКО, ЭЫДҰ, ФАТФ және басқа да беделді халықаралық ұйымдардың ұсынымдарында көрсетілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар ескерілген болатын.

ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК

2022 жылғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндамаға қарағанда бағынышты адамдардың сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін 6 мемлекеттік саяси қызметшінің отставкасы қабылданды. 211 мемлекеттік қызметші және квазимемлекеттік сектор ұйымдарының 26 жұмыскері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 7 983 нормативтік құқықтық актінің жобасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізілді. Оның ішінде 109 (1,4%) заң жобалары; 2 954 (37%) ОМО заңға тәуелді актілері, 4 920 (61,6%) ЖАО бар. Сыбайлас жемқорлықтың 17 170 тәуекелі анықталды. Қабылданған нормативтік құқықтық актілерде ескерілген ұсынымдардың үлесі 55,4 пайызды құрады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 226 мониторинг жүргізілді. Мемлекеттік органдарға 844 ұсыныс әзірленіп енгізілді, оның 579-ы іске асырылды. Агенттіктің мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) саласындағы мониторинг нәтижелері бойынша Ұлттық экономика министрлігіне жіберген ұсыныстары ескеріліп, «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» заңға түзетулер енгізілді. Мемлекеттік және жекешелік әріптестер арасында тәуекелдерді теңгерімделген бөлуді қамтамасыз ету мақсатында, мемлекеттік қоса қаржыландыру шегі – инвестициялардың болжамды мөлшерінің 30 пайыздан аспайтын мөлшерінде заңнамалық актімен белгіленді. МЖӘ-нің жаңа қағидаты – ақпараттың айқындығы мен қолжетімділігі қағидаты енгізілді, ол бірыңғай ақпараттық жүйеде МЖӘ шартының негізгі баптарын және ол бойынша экономикалық қорытындыны ашық қолжетімділікте орналастыруды көздейді. Мәселен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің автожолдар салу және жөндеу саласындағы мониторинг нәтижелері бойынша ұсынысы негізінде, әкімдіктер жолдардың орташа жөндеуінде 268,1 млн теңге сомасындағы негізсіз шығындарды алып тастады. Тұрғын үй қатынастары саласындағы тұрғын үй берудің барлық сатысында мынадай сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды: кезекте тұрғандарды есепке алу мен түгендеуді автоматтандырудың төмен деңгейі, мемлекеттік тұрғын үй қорын басқарудың айқын болмауы және лауазымды тұлғалардың жауапкершілігінің «бұлыңғырлығы» белгілі болды. Агенттіктің күшімен кезекте негізсіз тұрған 8 мыңнан астам адам есептен шығарылды. 125 азаматтың, оның ішінде әлеуметтік тұрғыда осал санаттағы адамдардың құқықтары қалпына келтірілді. Жалға алу қарыздары және жекешелендірудің негізсіз төмендетілген қалдық құны бойынша бюджетке түспеген 87 млн теңге өндіріп алынды.

СЫБАЙЛАСТЫҚТЫҢ САНЫ АРТҚАН

2022 жылы құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар тіркеген сыбайлас жемқорлық қылмыстары қайтадан ұлғайды (1724). Оның саны 2018 жылы – 2375, 2019 жылы – 2245, 2020 жылы – 2193, 2021 жылы – 1557 болған еді. Егер сыбайлас жемқорлық қылмыстың ең көп таралған түрлеріне көз жүгіртер болсақ 2021–2022 жылдары алаяқтық 160-тан 311-ге өскен. Ал пара беру 568-ден 549-ға, пара алу 449-дан 446-ға, лауазымды өкілеттіктерді теріс пайдалдану 123-тен 110- ға, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету 119-дан 87-ге азайған. Былтыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін 725 адам сотталды (2021 жылы 892 адам). Олардың ішінде: ішкі істер органдарының қызметкерлері (жұмыскерлері) – 187 (207), әкімдік қызметкерлері – 143 (145), әкімдер – 7(5), Қаржы министрлігі – 40 (34), Ауыл шаруашылығы министрлігі – 18 (19), Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі – 14(5), Денсаулық сақтау министрлігі – 5(16),Төтенше жағдайлар министрлігі – 5 (5),экономикалық тергеу қызметі – 5 (4), прокуратура – 5 (3), сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет – 5 (2) адам, судьялар – 2 (3) және де басқа тұлғалар бар. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 1118 сыбайлас жемқорлық қылмысты тіркеді, 1016 адам әшкереленді. Қылмыстық схемалардың және жоғары лауазымды адамдардың қатысуымен болған сыбайлас жемқорлық «пирамидаларының» жолын кесуге баса назар аудару нәтижесінде, ауыр және аса ауыр қылмыстарды анықтау өсімі 13 пайызды (733-тен 827-ге дейін) құрады. Кәсіпкерлердің құқықтарын қозғайтын сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін 115 лауазымды тұлға әшкереленді. 73 лауазымды тұлға сотталды, шенеуніктердің озбырлығынан 106 кәсіпкердің құқығы қорғалды. Сотқа дейінгі аяқталған тергеулер бойынша өтелген залал сомасы 108 млрд теңгені құрады. Агенттік 653 млрд теңгеге жуық сомадағы мүліктік активтер мен ақшалай қаражатты қайтаруды қамтамасыз етті. Сотқа жіберілген және ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылған әрбір қылмыстық іс бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен заң бұзушылықтарды жою туралы жүз пайыз ұсыныс енгізу қамтамасыз етілді (867 ұсыным, 665 лауазымды адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 314 басшы). Сыбайлас жемқорлық қылмыс туралы хабарлағаны үшін 134 адамға 40,6 млн теңге сомасында сыйақы төленді, 7 мемлекеттік қызметші грамотамен марапатталды. 2022 жылы 83 адам іздестірілді. Қабылданған шаралар бойынша олардың саны 59-ға дейін азайды. Елдің шегінен тыс жерде 6 адам ұсталды, олардың біреуі 11 жылдан астам іздеуде болған.

«ARTSPORT» ЖОБАСЫ ҮЛКЕН РЕЗОНАНС ТУҒЫЗДЫ

Үйірмелер мен секцияларды мемлекеттік қаржыландыру жолымен, бұқаралық балалар спорты мен шығармашылығын дамытуға бағытталған «Artsport» жобасы шеңберінде анықталған сыбайлас жемқорлық схемалары қоғамда үлкен резонанс тудырды. Жан басына шаққандағы қаржыландыруға 43 млрд теңге бөлінді (2021 жылы – 5,8 млрд теңге, 2022 жылы – 37 млрд теңге). Бағдарламаны іске асырудың қысқа мерзімі ішінде 11 адамға қатысты 19 қылмыстық іс тіркелді. 6 адам сотқа берілді, оның төртеуі сотталды, бесеуіне қатысты – қылмыстық қудалау ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері іс жүзінде бюджет қаражатын игерудің барлық кезеңінде анықталды. Мониторинг жүргізу сәтінде қаржыландыру көлемінің болжамы болмады. Бюджеттің мерзімінен бұрын игерілуіне байланысты, жобаны іске асыру екі рет үзілді. Сондай-ақ, «ArtSport» электрондық платформасында құжаттарды беру және сабаққа қатысуды есепке алуды цифрландырудың жеткіліксіздігі анықталды. Жүйенің шалағайлығы «өмірде жоқ» жандарды енгізуге мүмкіндік береді. Одан басқа, атааналар балалардың спорт секциясын немесе шығармашылық үйірмесін ауыстырғысы келетін кезде, оларда ваучерді алмастыру мүмкіндігі жоқ. Сабақтарды таңдаудың икемсіздігі және білім беру бағыттары бойынша қойылатын шектеулер ата-аналар мен жабдықтаушының арасында сабақ түрін ауыстыру және жалған актілерге қол қою бойынша сөз байласуға әкеп соғады. Сыбайлас жемқорлық қоғамдық дерт. Онымен күрес тек ресми органдардың жауапкершілігіндегі міндет емес. Біз жемқорлыққа қарсы сана идеясын балаға жас кезінен сіңіру бағытында көңіл көншітерлік жұмыстар атқарып жатқан жоқпыз. Жемқорлықтың не екенін, оның жазасы ауыр, салдары ұрпағына қиын сабақ болатынын кез келген адам жас кезінен түсініп өсуі тиіс. Бұл жерде жалпақ статистикадан гөрі нақты әрекет, нақты күрес қана маңызды.

Е.КЕБЕКБАЙ, «Заң газеті»

Электросамокаттар көлікке теңестіріледі: Жаңа ереже не береді, не шектейді?

Қазақстан қалаларында электросамокатқа міну күнделікті көрініске айналды. Бірі оны кептелістен құтқаратын ыңғайлы көлік деп санаса, енді бірі жаяу жүргінші үшін қауіпті құралға айналды деп есептейді. Соңғы жылдары жол-көлік оқиғаларының артуы, тәртіпсіздік пен жауапсыздық қоғамда қызу талқыланып келеді.

2026 жылы табысты қалай дұрыс декларациялау керек?

2026 жылдан бастап Қазақстанда жеке табысты декларациялау тәртібі бұрынғыдан да өзекті бола түсті. Мемлекет қаржылық ашықтықты арттыру мақсатында азаматтардан табыс көздерін заңды түрде көрсетуін талап етіп отыр.

Олимпиада-2026: Жеңімпаз спортшыға қанша сыйақы беріледі

7 ақпанда 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары басталды. Жарыстардың басталуымен бірге қазақстандық спортшылардың сәтті өнері үшін мемлекет тарапынан қарастырылған сыйақы мөлшері де белгілі болды.

Алматыда ақылды көлік жүйесі кезең-кезеңімен енгізілуде

Алматыда цифрландыруды дамыту және жасанды интеллект технологияларын енгізу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2026 жыл елімізде ресми түрде Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды.

На грани безработицы

ПАРЛАМЕНТАРИИ ПРЕДУПРЕДИЛИ О РИСКАХ РОСТА БЕЗРАБОТИЦЫ И УСИЛЕНИЯ СОЦИАЛЬНОГО НАПРЯЖЕНИЯ В СЕЛЬСКОЙ МЕСТНОСТИ В СВЯЗИ С ИЗМЕНЕНИЯМИ ПОРЯДКА ОРГАНИЗАЦИИ ОПЛАЧИВАЕМЫХ ОБЩЕСТВЕННЫХ РАБОТ.